Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Азаматтар толғандырған сауалдарын жолдап, мегаполисті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Тассай, Сайрам және Қызылсу шағынаудандарының тұрғындары жолдарды асфальттеу, кеңейту, көше атауын беру, қоғамдық көліктерге, жер қатынастарына, балалар алаңдарын салу мен бейнебақылау камераларын орнатуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Қала әкімі мен сала басшылары барлық сұрақтарға жауап беріп, азаматтар қозғаған бірқатар мәселені шұғыл шешіп, қосымша уақытты қажет ететін мәселелер қала әкімінің жеке бақылауына алынды.
Сонымен қатар, көшпелі кездесу барысында Ғабит Сыздықбеков Ю. Сареми көшесіндегі жол құрылысымен танысты. Мердігер ұйым өкілдеріне сапаға ерекше назар аудара отырып, барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Онымен қоса Сайрам тұрғын алабының ішкі орам көшелерінің жағдайын тексерді. Салалық басқарма басшылығына орталық көшелерді асфальттеу, сондай-ақ келесі жылға арналған жоспарға жергілікті көшелерді қосуды тапсырды.
Мегаполис басшысы Таскен шағынауданы тұрғындарының өтініштерін де назарға алды. Кездесу барысында көшелерді абаттандыру және жарықтандыру, кәріз жүйесін жүргізу және қоғамдық көлік бағыттарын ұзарту мәселелері талқыланды.
Қала басшысы көшпелі кездесу соңында жауаптыларға азаматтармен кері байланысты күшейтіп, мәселелерді шешуде нақты тапсырмалар берді.
Шымкент қаласы полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы инспекторлары мен Жастар ресурстық орталығының мамандары бірлесіп, тұрғындар арасында кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді. Акцияның басты мақсаты – […]
В Шымкенте сотрудники ювенальной полиции Каратауского районного управления полиции провели встречу с руководителями образовательных учреждений, расположенных на территории района. Главной темой обсуждения стало предотвращение правонарушений и преступлений с участием несовершеннолетних, а также разработка совместных шагов […]
2025 жылғы 15–30 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл бастама жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және апаттардың алдын алуға бағытталған. Мақсат – әрбір адамның өмірін қорғап, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің […]
Пікір қалдыру