«Таза Қазақстан» республикалық апталық акциясы аясында Абай ауданына қарасты Асар мөлтек ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық филиал Атқарушы хатшының м.а. Бекайдар Тулегенов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депуттары қатысты. Сондай-ақ партия қызметкерлері, қалалық “Жастар Рухы” ЖҚ белсенділері, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері белсенділік танытты.
«AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясындағы «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясы осы санаттағы іс-шаралардан ерекшілігі – ол елді мекен аумақтарын қоқыстан тазарту бойынша «нүктелік» жұмыс жүргізуге бағдарланған.
Айта кетейік, тазалық пен тәртіпті сақтау жобаның барлық қатысушыларының қоршаған ортаға жауапкершілікпен және саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналады.
«AMANAT» партиясы осы науқанды өткізу арқылы қоғамда экологиялық сана мен мәдениетті тәрбиелеуді маңызды міндет деп белгілейді және барша отандастарымызды бүгін мен болашаққа арналған игі істі қолдауға шақырады.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек. Өйткені табиғат тіршіліктің құт-берекесі. Қоршаған ортаны таза ұстау – әр адамзаттың міндеті. Жаһандық […]
Бүгін қаламызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Қоршаған ортаны қорғау және қаланың тазалығын арттыруға бағытталған бұл іс-шараға көптеген мекемелер мен ұйымдар белсенді қатысты. Олардың қатарында қалалық білім басқармасының ұжымы да […]
16 ноября в Шымкенте в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» прошел очередной городской субботник. В этой акции активно приняла участие команда городского управления образования, которые провели масштабные работы по благоустройству одной из главных улиц […]
Пікір қалдыру