Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында басталған жұмыстар қарқынды жалғасуда. Бүгін Қаратау ауданына қарасты Тұран-2 шағынауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзе асып жатқан «Таза бейсенбі» акциясына жүзден астам адам қатысты.
Экологиялық акцияның басты мақсаты – жұртшылықты қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға шақырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Тазалық жұмыстарына зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қалалық филиал қызметкерлерімен қатар «Жастар рухы» жастар қанаты қатысты. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары да белсенділік танытты.
— Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы қала, ауыл-аймақтарды көркейту бойынша тапсырма берген болатын. Еліміздің бас партиясы осы бастаманы қолдап, «Таза бейсенбі» акциясы арқылы тазалық жұмыстарын үздіксіз жалғастаруды қолға алды. Бұл құптарлық іс. Себебі экологиялық акция науқандық болып қалмай, ісіміз әдетке, әдетіміз мінезімізге айналуы тиіс. Барша қазақстандықтарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамын, — деді танымал айтыскер-ақын Біржан Байтуов.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы экологиялық кеңесің төрағасы Жеңісбай Тұрғанов тазалық сенбілікке қатысып, еліміздің экологиялық ахуалына тоқталды.
— Әлем ғалымдары ондаған жылдардан бері экологиялық апаттың жақындауы туралы дабыл қағуда. Әр түрлі салаларда жүргізілген зерттеулер адам әрекетінің салдарынан климат пен сыртқы ортаның жаһандық өзгерістеріне тап болдық деген қорытындыға келді. Өзге мемлекеттер секілді Қазақстан қоршаған ортаға қатысты ауқымды әрі маңызды мәселелерге тап болды. Қалыптасқан жағдайды ретке келтіруде жалғыз мемлекеттің күші жеткіліксіз. Еліміздің барлық тұрғындарының қосылуы қажет. Сондықтан еліміздің экологиясын қорғау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірлескен жалпыұлттық жұмысты қос қолдап қолдаймын, — деді Ж.Тұрғанов.
Айта кетейік, тазалық жұмыстары әр апта сайын жалғасады. Белсенді партияластар тек айналаны қоқыстан тазартып қана қоймай, тұрғындарға экологиялық акцияның мән-мақсатын түсіндіретін болады.
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы аумағындағы Абулабад тұрғын алабының тұрғындары қоқысты тасмалдайтын компаниямен келісім шартқа отырудан бас тартып жатыр. Бұл туралы қал әкімі Ғабит Сыздықбековтың елдімекен халқымен кездесуі барысында мәлім болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оған бірден-бір […]
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. «Таза Қазақстан» шарасы Шымкент қаласы Қаратау ауданында жалғасын тапты. «Amanat» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға «Жастар рухы», Ардагерлер кеңесі […]
В городе Шымкент в рамках республиканской программы «Чистый Казахстан» состоялась масштабная экологическая акция. Главная цель мероприятия — не только уборка территорий, но и формирование экологического сознания, бережного отношения к природе, вовлечение всех слоёв населения в […]
Пікір қалдыру