Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театры В.Шукшиннің 95 жылдығына орай Барнаул қаласында екінші мәрте өткізілген «Здравствуйте, люди!» атты театр фестиваліне қатысты. Театр ұжымы онда В.Шукшиннің «Ауыл әңгімелері» трагикомедиясын Алтай өлкелік драма театрында сахналады.
Қойылымды тамашалауға келген халықтың көп болғаны сонша, залда ине шаншыр орын болмады. В.Шукшин атындағы Алтай өлкелік драма театрының ұжымы мен көрермендер қойылымнан алған әсерімен бөлісіп, таңқалыстарын жеткізді.
Ресей елінің белгілі сыншысы, «Летающий критик» жобасының белді мүшесі Ксения Аитова кәсіби талдау жасап, жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, театр ұжымы келесі жылдың тамыз айында Мәскеу қаласынан 300 шақырым жерде орналасқан Кинешма қаласындағы А.Н.Островский атындағы театрда өтетін «ОСТРОВСКИЙ FEST» атты театр фестиваліне дәл осы қойылыммен шақырту алды.
Көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, кәсіби сыншылардың қатал сынынан өткен театр ұжымы арнайы дипломмен, кәдесыймен (В.Шукшинің мүсінінің кішкентай көшірмесі) және В.Шукшиннің шығармалар жинағымен марапатталды.
Өнер ордасы 2000 жылы 9 наурызда ашылды. Түркістан қаласының сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі болып ҚР Еңбек сіңірген артисі, ҚР Халық артисі, профессор Райымбек Сейтметов тағайындалды.
Мекеме ғимараты 1938 жылы салынған Түркістан теміржол мекемесінің киноклубы болған. Қайта күрделі жөндеуден өтіп, 2000 жылы театрға берілді.Сахналанған алғашқы пьеса – түрік қағанаты жайлы баяндайтын «Көк-түріктер» қойылымы.
2017 жылы өнер ордасына Райымбек Сейтметовтың есімі берілді. Театр ғимаратында 250 адамға арналған көрермен залы мен мұражай бар.
Түркістан қаласындағы теннис кортында «Turkistan Open 12 & under» республикалық ашық турнирі басталды. Үлкен теннистен ұйымдастырылған спорттық додаға еліміздің бірқатар өңірлерінен іріктелген 76 спортшы қатысып, апта бойында өзара мықтыларын анықтайды. Теннис спортын облыс көлемінде дамыту […]
Түркістан қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының №5574 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген қатардағы жауынгер Шахбоз Сатыбалдиев – өзгелерден ерек. Ол тек әскери тәртіп пен жауынгерлік дайындықты ғана емес, сонымен қатар алты тілді еркін меңгерген […]
Түркістанда ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен жыл сайынғы «Қазақстандық кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің екі күнге жоспарланған кезекті көшпелі жұмыс отырысы қорытындыланды. Келесі жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының бастамасымен Қазақстанда 89-шы IFIA-ның өтеді. […]
Пікір қалдыру