Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында құрылған келісім шарт негізінде аялдамаларды жууды қолайландыру мақсатында жаңа технологияның негізін қалаушы азаматтың мердігер мекеме басшылығымен кездесуі ұйымдастырылды.
Жаңа технология:
— уақыт үнемділігі
-жұмысшыларға қолайлы
-су шығыны үш есе аз қолданылады
-қаржылай тиімді және т.б пайдалы тұстары аталып өтті.
Жалпы қала аумағында 1886 аялдама бар. Павильондармен қамтамасыз етілгені – 1338, оның ескі үлгідегі аялдама саны – 500, ал жаңа үлгідегі аялдама – 838. Осыған байланысты, ағымдағы жылы қала аумағын толық аялдама павильонымен қамтамасыз ету үшін қажетті аймақтарға 398 аялдама орнату және 500 ескі аялдаманы жаңалау жоспарланды. 2024 жылдың ІІІ-ші тоқсанында 898 жаңа аялдама павильондарын орнату жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қаланың орталығында орналасқан 200 аялдамаға атауларын орнату жұмыстары іске асырылуда
Статистикаға сәйкес, Шымшаһар автокөліктің көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі болып отыр. Осыған орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын соңды болмаған қарқынмен дамуда.
Шымкентте 100 мыңнан астам зейнеткер «Халық банкі» мен «Қазпочта» арқылы ай сайын зейнетақы алады. Одан бөлек қызметкерлер мен қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар да көмекті осы банктерден алады. Оған қоса төтенше жағдай кезінде төлемақы беріліп […]
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, отандастырды наурыз мерекесіндегі демалыс күндерін үшінші мегаполисте өткізуге шақырды- деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Мұрат Дүйсенбекұлы 29 ақпан күні Шымкентте өткен жалпы қалалық сенбілікте хабарлады. «Қазақстан республикасы азаматтарының […]
Қасиетті Отанға, туған жерге, өскен елге деген құрмет пен сүйіспеншілік оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Рәміздерді жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңселі […]
Пікір қалдыру