Түркістанда «Республика күні» және «Қала күні» мерекесіне орай, баскетболдан 2009-2010 жылғы ұлдар арасында Халықаралық турнир басталды.
Спорт шарасының ашылу салтанатына қалалық «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» сектор меңгерушісі Марат Әсілбаев, қалалық «№2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Ануар Сәрсенбаев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Баскетбол жарысына Өзбекстан Республикасының Ташкент және Самарқанд қалаларынан, Алматы облысы, Кентау мен Арыс қалаларынан, сондай-ақ түркістандық жалпы 8 команда қатысуда.
Сайыс қазан айының 20-жұлдызына дейін жалғасып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Түркістан қаласында ҚР Оқу-ағарту министрінің «Бала үні – болашақтың үні» бастамасы аясында ауқымды «Бала үні» өнер фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шара — балалар шығармашылығын қолдау, олардың өнерге деген құштарлығын арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттауға […]
Бүгін Түркістандағы «Түркістан арена» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада басталды. Дүбірлі сынның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, былтырғы республикалық спартакададағы жеңісті жол биыл да жалғасын тапсын деген тілегін жеткізді. […]
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен көпқабатты тұрғын үйлердің сапасы бойынша жиын өтті. Бұл маңызды шарада құрылыс саласындағы ағымдағы жағдайлар талқыланып, болашақта орын алатын жұмыстардың жоспары анықталды. Жиында құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен жедел саты […]
Пікір қалдыру