«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Түркістан қаласының мәдениет күндеріне орай, Түркістан «Халық театры» «САФ АЛТЫН АРЫСТАР» көрінісін сахналады. Сондай-ақ, мәдени шарада қала тұрғындары мен қонақтары арқан тарту, қазақша күрес, асық ату, ләңгі тебу, қошқар көтеру, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайыста бақ сынады.
Жиында сөз алған Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев мәдени шараға қатысушыларға алғысын айтып, спорт сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Осының негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін қалады. Бұл бертін келе шынайы спорт түрлерінің шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан оларды ұлықтау – ұрпақ парызы.
Айта кетейік, бүгін сағат 19:00-де «Керуен Сарай» туристік кешенінде көркем өнерпаздар мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт өтеді. Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын көңілді кештің қонағы болуға шақырамыз!
Түркістан қаласында «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз» тақырыбында көркем шығарма жазу мен плакатқа сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара Түркістан қалалық мәдениет үйі мен бірқатар әлеуметтік мекемелердің қолдауымен өткізіліп, жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, […]
Түркістан қаласында инклюзивті бағыттағы тұңғыш «Дара ұрпақ» театры өз жұмысын бастады. Театрдың ашылу салтанатында ерекше қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен «Жарық» мюзиклінің премьерасы сахналанды. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы […]
VIII «Азия балалары» халықаралық ойындарының күміс жүлдегері Құдірет Ерімбетовті түркістандықтар құрмет-қошеметпен күтіп алды. Түркістан темір жол вокзалына жүлдегерді қарсы алуға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы мен қалалық мәслихат депутаты Жандос Арыстанов қатысып, спортшыны жеңісімен құттықтады. […]
Пікір қалдыру