Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы ұйымдастыруымен жүйелі таңғы жаттығу сағаты өткізілуде.
Әр сектордың ашық алаңында өткізілетін шараға бұған дейін 300-ге тарта тұрғын қатысқан.
Мекеме директоры Нұрланәлі Сыздықовтың айтуынша бұдан бөлек тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануды мақсат еткен түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Мектеп оқушылары үшін клубта тегін спорттық үйірмелер, атап айтқанда, шахмат, үстел теннисі, футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, стритбол
сынды спорт түрлерінен келіп жаттығуға жағдай жасалған.
Айта кетейік, аталған үйірмелерге қатысу тегін. Онда 6- 16 жас аралығындағы балалар шыныға алады. Ол үшін +7 776 991 1191 (Амандық), +7 707 222 1710 (Фариза) байланыс нөміріне хабарлассаңыз болғаны.
Түркістан қаласының жер көлемі – 22,4 мың гектар. 2024 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша халық саны 233 533 адам. Оның экономикалық белсендісі 87873 адам. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінің аудан, қалаларын дамыту жұмыстары […]
Түркістан қаласында кіші футболдан «Әуесқой Футбол Лигасының» (ӘФЛ) 2024 жылғы күз-қыс маусымы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өңірдің спорттық өміріне жаңа серпін берді. Бұл шара Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай өткізілгені де оның маңызын арттыра […]
2024–2025 оқу жылы Түркістан қаласындағы мектеп түлектері үшін айрықша табысты әрі есте қаларлық жыл болды. Қалалық білім бөліміне қарасты 37 мемлекеттік және қала аумағындағы 8 жекеменшік мектепті 3063 оқушы аяқтап шықты. Олардың 2468-і Ұлттық бірыңғай […]
Пікір қалдыру