Облыс орталығындағы «Яссы» спорт кешенінде «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Сайысқа қатысушылар спорттың төрт түрінен бақ сынады. Атап айтсақ, 2 кезеңнен тұратын шағын футболдан турнир мен командалық арқан тартыс, сондай-ақ, кір тасын (гир) көтеру мен қол күрес (армрестлинг). Оған облыс көлеміндегі діни бірлестік өкілдері мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Бұл іс-шараға ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігі мен, «Сарыағаш медресе колледжі, «Балаби қари» Құран жаттау орталығы, Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, қала, аудан «Ішкі саясат» бөлімдерінен құралған командалар, Дін істері басқармасының спорттық командалары қатысты.
Турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өткізілді. Марапаттау шарасында сөз алған облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Рухани келісім күнінің маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушыларға алғысын жеткізді.
Сайыс қорытындысында шағын футболдан «Сарыағаш медресе колледжі жеңімпаз атанды. Екінші орынды, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігі, үшінші орынды Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ иеленді.
Ал, командалық арқан тартыс сайысында Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ топ жарды. Екінші орынды ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігі, үшінші орынды «Сарыағаш медресе колледжі иемденді. Кір тасын (гир) көтеруде Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ чемпион атанса, екінші орынды «Сарыағаш медресе колледжі командасы, үшінші орынды Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ командасы жеңіп алды.
Қол күресте (армрестлинг) «Сарыағаш медресе колледжі қарсылас шыдатпады.
Түркістанда ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен жыл сайынғы «Қазақстандық кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің екі күнге жоспарланған кезекті көшпелі жұмыс отырысы қорытындыланды. Келесі жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының бастамасымен Қазақстанда 89-шы IFIA-ның өтеді. […]
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кезекті мәжілісте Түркістан аумағын көгалдандыру бойынша күзгі мезгілге жоспарланған жұмыс жүктемесі сараланды. Күн тәртібіне сәйкес сөз алған «Жасыл Түркістан» КММ директоры Ақәділ Қондыбаев ағаш егу науқаны қазан айында басталатынын […]
Осы жылы «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің жарық көре бастағанына дәл бір ғасыр толып отыр. Ұлт руханиятының ұйытқысына айналған бұл басылымның ғасырлық белесі – қазақ баспасөз тарихындағы елеулі оқиға. Бір ғасырға жуық уақытта газет ұлттың талай […]
Пікір қалдыру