Шымкент қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мұны тұрғындардың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысуынан да байқауға болады.
Мәселен, бүгін Қаратау ауданындағы Қайтпас шағын ауданында өткен «Таза көше» атты іс-шараға жергілікті тұрғындар, белсенді, ерікті жастар, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері және еңбек ардагерлері де белсенді түрде қатысты.
Іс-шараға 120-дан астам аудан тұрғындары, 8 техника жұмылдырылып, 18 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық шарасына қатысушылар Алматы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшесінің бойында күл-қоқыстарды тазалап, жол жиектеріндегі қатты қалдықтар мен пласмас қалдықтарды (пакет, баклажка, қағаз және т.б) ретке келтіріп шықты.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындарды, әсіресе, жастарды айналамыздың таза болуын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Шымкент қаласының жастарын осы игілікті шараға үлес қосуға шақырамын», — дейді «Жасыл ел» штабының Қаратау ауданы бойынша үйлестірушісі Нұрлыислам Қуаныш.
Айта кетейік, тазалық шаралары Шымкент қаласының барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстар жиналып, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау ықпал етіп келеді.
Шымкент қаласындағы шағынаудандарда короновирус инфекциясына қарсы залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді. Қаладағы Қаратау ауданындағы Ақжайық пен Достық және Асар шағынаудандарындағы ішкі орам көшелері мен аудан аумағындағы саябақ, аллеяларды залалсыздандыру жұмысы атқарылды. Бұл аталған Қаратау ауданы аумағындағы дезинфекция […]
Советтік саясаттың бірі — ұлттың білікті кадрларының көзін жою болатын. Мұның бір дәлелі Ф.И.Голощекиннің Сталинге жазған хатында: әуелі қазақ халқының интеллиегенциясын құрту мақсаты көзделді, мұнан кейін жас буынның тарихи санасын кері бұрып, оңды-солды әліпби ауыстыру […]
Шымкентте экологиялық шара “Киелі мекен” тақырыбы аясында өтіп жатыр. Акция барысында үшінші мегаполистегі тарихи орындар тазартылды. Шараға қаладағы 5 ауданға қарасты коммуналдық мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері атсалысты. Олар Қаратау ауданына қарасты Сайрам […]
Пікір қалдыру