Самарқан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері басшыларының төрағалығымен «Қазақстан – Өзбекстан» өңіраралық ынтымақтастықтың кезекті форумы өтті. Форумның басты мақсаты – екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту болды. Іс-шара барысында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылып, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту бағытында маңызды қадамдар жасалды.
Самарқан облысының туристік әлеуеті мен Жизақ облысының машина жасау саласындағы қарқынды дамуын ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі Самарқан және Жизақ облыстарының хокимияттарымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімге келді. Бұл келісімге Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, ал Өзбекстан өңірлерінен облыс хокимдерінің орынбасарлары қол қойды.
Аталған келісім өңірлер арасында мәдени, экономикалық және әлеуметтік салаларда тығыз байланыс орнатуға жол ашып, инвестиция тартуға, сондай-ақ туризм саласында қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Ұлттық рухты ұлықтап, өнер мен өнегені қатар алып жүрген азаматтар – қоғамның нағыз тірегі. Осындай тұлғалардың бірі, біздің мақтанышымыз – әскери қызметкер Мәлік Бекжан Әбдімәлікұлы. Ол Шымкент қаласындағы Концерттік-көрме орталығында өткен «Абай әлемі» атты республикалық […]
Бүгін Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кезекті жалпы аудандық сенбілік өтті. Сенбілікке ауданның түрлі мекемелері мен ұйымдары, сондай-ақ белсенді тұрғындар мен кәсіпкерлер қатысты. Барлығы 200-ге жуық адам және 20-дан астам арнайы техника жұмылдырылып, ауданның тазалығы […]
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен аптада жылыжай иелерімен кездесіп, өндірген өнімдерін сауда орындарында тікелей шығаруға келіскен болатын. Бүгіннен бастап кәсіпкерлерге «Қазыбек» базарынан арнайы орын беріліп, жылыжайдан жиналған көкөністер саудаға қойылды. Қала әкімінің бастамасымен «Шарипов», […]
Пікір қалдыру