Дендросаябақ — ашық аспан астындағы ағаштар мұражайы. Дендросаябақ — қала ішіндегі қалың орман. Қазақстанда ең алғаш салынған дендросаябақ Шымкент қаласында орналасқан. Шымкентке қонақ болып, ат басын бұрғандардың дені жасыл желек жамылған дендросаябаққа соқпай кетпейді. Бұл мекен қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналғалы қашан. Бір мезгіл бой сергітіп, таза ауамен тыныстап қайту үшін ағылатындар көп мұнда.
Әуелде бұл аймақ қоқыс тастайтын орын болған. Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың бастамасымен 1979 жылы саябақ бой көтерген. 2019 жылы саябақтың 40 жылдығына орай Асанбай Асқаровтың есімі берілді.
Бүгінде дендросаябақта 100 мыңнан астам ағаш-бұтаның 406 түрі өсіп тұр. Оның ішінде, Қазақстанның қызыл кітабына енген өрік, іле бөрі қарақаты, зеравшан аршасы, сиверс алмасы, соғды шағаны атты ағаштар бар. Оған қоса сирек кездесетін 61 түрлі ағаш тіркелген. Саябақ ішіндегі тұқымбақтың жалпы көлемі 1,5 га. аумақты құрайды. Онда қазір 23 түрлі 11 392 дана көшет өсірілуде. Тұқымбақтың өзі екіге бөлінген. Негізгі тұқымбақта 2 638 қылқан жапырақты, 3 382 жәй жапырақты және 599 дана өзге көшет түрлері өсіп тұр.
Дендросаябақта отау құрып жатқан жастардың сүйікті жеріне айналған «Жас жұбайлар» мен «Ардагерлер» аллеясы бар. Той серуенін өткізуге келген ақ көйлек киген келіншек пен костюм-шалбар киген күйеу жігітті жиі кездестіресіз.
Осындай халықтың қуанышына ортақ болатын көрікті мекенімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, оларды бүлдірмеу – әрбіріміздің азаматтық борышымыз екенін ұмытпасақ екен.
Дәм мен дәстүр үндескен мерекелік күн Шымкентте достық пен бірліктің символына айналды. Шымкент қалалық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ерекше форматтағы халықаралық мәдени іс-шара «Достық дастарханы» фестивалі өтті. Ұлттар […]
2024 жылы Тұран ауданында қоқыс алаңдарын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмек. Аудандағы 54 қоқыс алаңшасына 260 жаңа қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинауға арналған контейнерлер орнатылады. Бұл жоба аясында аудан аумағындағы барлық қоқыс контейнерлері 100% жаңартылатын […]
Жасыл желек жамылған саялы бақта адам қарасы кешке қарай көбейе түседі. Бұл мекен, әсіресе, тыныштықты жаны сүйетін, бір мезгіл бой сергітіп, таза ауамен тыныстағысы келетіндер үшін таптырмас орын. Себебі, мұндағы құстардың сайраған үні мен субұрқақтан […]
Пікір қалдыру