«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында және жаңа оқу жылының басталуына орай аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі Қожанов, Мадиходжаев, Еркіндік көшелері мен Жаңажол ауылдық округіне қарасты Ақжол елдімекеніндегі Қазыбек би көшесінде жалпы ұзындығы 15 шақырым жолдың сызықтары жаңартылды. Сонымен қатар, аудан бойынша барлық мектептердің алдындағы жаяу жүргіншілердің өткелдеріне, автотұрақтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың автотұрақтарына жол таңбалау жұмыстары жүргізіліп, толықтай ретке келтірілді.
Айта кетейік, жол сызықтарын жаңарту жұмыстары басқа да республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға да жоспарланып отыр.
Балалардың жол қауіпсіздігін сақтау тек жол белгілерімен ғана шектелмеу керек. Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, автокөлік жүргізушілерінің, әсіресе мектеп маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу болып табылады.
Жалпылама алғанда, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мақтааралдықтар кенттер мен елдімекендерде, халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың және каналдар мен арық-атыздардың бойына санитарлық тазарту, абаттандыру, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткен тазалық іс-шарасына жалпы мемлекеттік қызметкерлер және дербес бөлімдерге қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мектеп, балабақша ұжымдары, аудан бойынша шекара басқармасының сарбаздары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық төтенше жағдай бөлімінің мамандары, қоғам белсенділері және жалпы аудан тұрғындары белсене қатысты.
Мақтааралдағы тасқын судан зардап шеккен елді мекендерде газ жүйелерінің монтаждау жұмыстары 98 пайызға орындалды. Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, мамандар төтенше жағдай орын алған аймақта екі негізгі бағыт бойынша […]
Түркістан облысында Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бизнес субъектілері үшін «бір терезе» қағидаты бойынша барлық мемлекеттік қолдау шараларын және мемлекеттік қызмет түрлерін орталықтандырылған түрде көрсету мақсатында «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі іске қосылды. Өңірдегі […]
Бүгінгі таңда Түркістан облысы орталығының аумағында әкімшілік тарапынан 50 мыңға жуық көшет отырғызылған. Оларды тұрақты суғарып тұру үшін 268 су ұңғымасын салу көзделген. Аппарат мәжілісінде сонымен қатар облыстағы ауыл шаруашылығы салаларының 9 айлық жұмыс қорытындысы […]
Пікір қалдыру