Түркістан облысындағы колледж ұстаздары мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындарда, техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Педагогтарды Түркістан облысының басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлы бастап барып, өндірістік практиканың басым бағыттарымен танысты.
Сапардың негізгі мақсаты — тағылымдамадан өту және халықаралық келісім жасау. Алғашқы күні халықаралық «PLAN B GGMBH & KOMPETENZZENTRUM DER EBG GGMBH IN BERLIN» сертификаттау орталығының директоры Томас Зиммерман әлемнің 148 елінде сертификаттау бойынша жасап жатқан жұмыстары туралы таныстырып, семинар өткізді. Семинардың екінші жартысында түркістандық делегация тарихы 1900 жылдан бастау алатын «Mercedes» көлігін құрастыратын зауытқа барды.
Германияның колледж студенттері дуальды оқу жүйесімен 80 пайыз өндірістік тәжірибе бойынша, 20 пайыз теориялық тұрғыда білім алады. Бүгінгі таңда әлемде оқытудың дуальды жүйесі — кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда.
Арыс қаласы аумағында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 638,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде: облыстық маңызы бар жолдар – 297,3 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 69 шақырым, ал елді мекендер ішіндегі көшелердің ұзындығы 272,3 […]
Түркістан облысы, Ордабасы ауданында биыл 3 340 тонна алғашқы өнім жиналды. Көкөніс Қазақстанның басқа қалаларына да жеткізілуде. Ал, 250 тонна өнім Ресейге экспортталды. Ордабасы ауданында жылыжайлар саны артуда. Өткен жылы ауданда 20 га жылыжай іске […]
Салтанатты шараға өңірдің 400 – ден астам білім беру саласының өкілдері қатысты. Ұрпақ тәрбиелеуде талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған «Мерекелеріңізбен, ұлағатты ұстаздар!» атты шараның шымылдығы «Абай өсиеті» театрлық көрінісімен ашылды. Түркістан облысының […]
Пікір қалдыру