Түркістан облысында инвестиция тартуға, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапарында осы саладағы бастамаларды тағы бір пысықтады.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев өңірге жеке қаражатын салып, ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті инвесторлармен екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Алдағы уақытта, ауданда «Exclusive Story Montazh» компаниясының қорғасын зауытын құру жобасы арқылы 500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Инвестициялық құны 5 млрд теңгеге бағаланып отырған жоба арқасында өңірдегі жұмыссыз азаматтардың саны біршама азаймақ. Сонымен қатар, «ЮгСтройТехнология» компаниясының газ-бетон блоктарын шығару жобасы арқылы да тағы 80 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Инвестициялық құны 1,2 млрдтеңге.
«Инвесторларды өңіріміздің дамуына ықпал етуге шақырамын. Келісім екі жаққа да тиімді болады деп сенемін. Аталған екі зауыт арқылы ауданымыздың 600-ге жуық тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Өңірге инвестициялық жобаларды тарту жұмыстары жалғасатын болады»- деді Азат Әбдіғалиұлы.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысын пысықтады. Өткен жылы іске асқан ауқымды жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасын табады деп күтілуде Алдымен, өңір басшысы Шәуілдір ауылында […]
Түркістан облысының тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Облысқа қарасты Кентау қаласында балалар ойын алаңшасының құрылысы қарқын алды. Ойын алаңшалары қаладағы Шүлембаев № 8, 10 және Т.Рысқұлов № 5, 7, 9, «Шахтерская» көшелерінің […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен азаматтарға арнап салынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылып жатыр. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев аудандағы жұмыссыз жүрген жастарды еңбекпен қамтып, әлеуметтік жағдайын дұрыстауға атсалысу мақсатында осындай […]
Пікір қалдыру