Қайырымдылықтың басты мақсаты, қоғамнан алшақтап қалған, ерекше күтімді қажет ететін балалардың бір күнін қызыққа толы өткізу болатын. Дегенмен қайырымдылық күні өз деңгейінде қуантарлықтай өтіп жатты. Оған дәлел, балаларын сеніммен алып келген ата-аналар еді. Іс-шараға туған бауырын алып келген, Түркістанға қарасты Жүйнек ауылынан арнайы келген Шәкір Нұрай ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Және де ол үшін өкінбейтінін айтып, ішкі толқынысымен бөлісті.
— Қайырымдылық іс-шараларын өткізу жыл сайынғы үрдіске айналған Ерекше қажеттілігі бар кез-келген балаға қуаныш сыйлау біздің міндетіміз. Сонымен қатар бүгінгі айтулы іс-шарамызға барынша атсалысып жатқан демеушілерімізге ерекше алғыс білдіреміз. Себебі балалардың көзінен қуаныш сезімін байқап тұрмын, ол дегеніміз біздің бастаған ісіміздің нәтижесі болмақ. Алдағы уақытта осы сынды түрлі іс-шаралар өткізетін боламыз. Бұл біздің жыл сайынғы дәстүрімізге айналды. Жыл сайын, Әмина апамыздың қарамағындағы балаларды үш күнге Түркістанға алып келіп, шаһардың кереметтерімен таныстырамыз, және бұл біздің үрдіске айналып отыр, — дейді «Тайқазан» қайырымдылық қорының төрағасы Төребай Асқарұлы.
Қайырымдылық — адамилық айнасы. Сол айнадан әрбір адам өзін көргісі келетіні анық. Өзгеге жылу сыйлай білу үшін ең әуелі жүректің та-залығы маңызды. Арамызда жомарт жандар аз емес. Осындай игі істермен халық жүрегінен орын алып жүргендер қатары көбейсе екен дейміз.
Пікір қалдыру