Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Апта сайын ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына Жейделіліктер белсене қатысуда
“Таза Қазақстан” акциясы аясында үлкен жалпықалалық сенбілік өтті.
Бұл іс-шараға коммуналдық қызметкерлер, кәсіпкерлер, тұрғындар және ерікті жастар белсене атсалысты. Барлығы бірге қала тазалығын сақтап, көше бойларындағы қоқыстарды жинауға және айналаны көркейтуге өз үлестерін қосты.
Мұндай іс-шаралар қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартып, тұрғындар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға зор ықпал етеді.
Сенбілік Жиделі шағын ауданында өтті, онда көшелер мен скверлер тазартылды.
Өткен аптаның сенбісінде өткен тазалық жұмыстарына 2786 адам қатысып, ақылы қоғамдық жұмыстардан 497 адам тартылды. 784 шаршы метр елді мекен абаттандырылып, 379 дана тал дарақтар отырғызылды. 1283 дана ағаштардың бұталары реттелді. 11 қоғамдық ғимараттардың бас келбеттері, тұрғын үйлердің сырт пішіні мен қоршауы ретке келтірілді. 33,3 шақырым каналдар және арықтар, 11130 шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтары, 10 ескерткіштердің айналасы тазаланды. 29 кездейсоқ қоқыс орындарды жойылып, 67,7 шақырым көше, аулалар тазаланды.
Айтулы шараға бөлім, мекеме, ұйым қызметкерлері біркісідей қатысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтар мен көшелердегі қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
«Тазалық – денсаулық кепілі» дейді дана халқымыз. Тазалық бар жерде – ырыс, береке болары сөзсіз. Жинақылық – адамның көңілін көтеріп, жұмыс істеуге деген құлшынысын арттырып, өмірдің мәнін түсінуге жетелейді. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді. Сондықтан, өңіріміздің көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бейжай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге тастамай, таза ұстауға атсалысуы қажет. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды, ауылымызды таза ұстаудан басталатыны белгілі.
Алдағы уақытта да тазалықты сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес жалғасатын болады.
Шымкент қаласы Қаратау ауданында көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан осы жылы 130 бейнекамера орнатылады. Аталған бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына […]
Көктем қарсаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 29 ақпан күні алғашқы жалпықалалық сенбілік өтті. Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, ЖОО-ның студенттері және еріктілер қатысты. Абай […]
Еліміздің үшінші мегаполисінде, шырайлы Шымқалада 4094 аялдамада залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласында қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктер де коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, дезинфекциялау жұмысы барысында 64 автопарк […]
Пікір қалдыру