Бұл жайлы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың Абай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлім болды.
Жиында Шұғыла шағын ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрғынбаев Тоқтамұрат, Қошқаратаөзенінің бүгінгі ахуалы жайлы сө зқозғады. Ақсақалдың айтуынша, Қошқарата өзені басында мөлдір-тұнық,таза бұлақ болып басталады.
«Өзенге барып ем үшін шомылатын адамдар бар. Өкінішке орай, аяқ жағы Самал базары маңына келгенде, кәріз өзеніне айналып кетіп жатыр. Осыған байланысты әкімдікке мен 2 рет хат жаздым. Екеуіне де Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы жауа берді. Хатта былай деп жазыпты, басқарма тарапынан ағымдағы жылы Қошқарата өзенінің бойын Ордабасы алаңынан Жангелдин көшесіне дейін абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал өзеннің Жангелдин көшесінен, Алпысбаев көшесіне дейінгі аумағын абаттандыру басқарма тарапынан ұсыныс әзірленді. Жобалық сметалық құжаттарын дайындауға бюджеттік өтінім ұсынылды. Аталған жобаны қолдап, қазынадан қаржы бөленген күнде, жобалық сметалық құжатары әзірленіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, өзеннің ластануы бойынша Шымкент қаласының экология департаментіне хат жолданатынын хабарлаймыз деп жазған»,- дейді Тоқтамұрат Тұрғынбаев.
Осы орайда, Ғабит Әбдімажитұлы хатта жазылған ақпараттың дұрыс екенін растады. Жангелдин көшесінен Алпысбаев көшесіне дейінгі өзеннің жағалауы келесі жылы абаттандырылатынн жеткізді. Тіпті, қала әкімі өзенді бойлап өз аяғымен жүріп өткенін, Қошқарата жағасындағы кейбір үйлердің қорасын өзенге дейін тақап қоршап, Жол алуға мүмкіндік қалдырмағанын байқапты. Алайда, келер жылы ол қоралар сүріліп, өзеннің екі жағасынан жолдар салынбақ.
«Біз барлығын қарап шықанбыз. Сіз айтқан су қорғау белгілерін бекіттік. Қазіргі таңда прокуратура мен жер инспекциясына хат жібердік. Заңсыз салынған қоршаулар мен әжетханаларды жәймен бұзып жатырмыз. Одан бөлек бүгінде Қошқаратаны тазалау бойынша, Анаров көшесінен бастап тұрақты түрде тазалап жатырмыз. Бірақ, өкінішке орай тұрғындар өздері қолданған қоқыстарын осы өзенге тастап жатыр. Қоқыс тастаушылар алыстан келмейді. Оны осы өзенге жақын маңда тұратын халық әкеліп тастауда. Осы бойынша СЭС пен де, экологиямен де, полиция департаментімен де бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Енді сіздің хатыңызға жауап бердік. Келер жылы абаттандыруды қайта бастайтын боламыз. Самал жақты айтып жатырсыз. Ол жақта өзен бойлап адам жүретін мүмкіншілік жоқ. кінішке қарай 2 метр техника кіре алмайды. Үйлер қоршап алған. Соның бәрін тазалауға біз прокуратураға хат жіберіп қойдық», дейді қалалқы жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы.
Алайда, Шұғыла шағын ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрғынбаев Тоқтамұрат ақсақал, мәселенің бәрін ақшаға әкеліп тірей берудің қажеті шамалы екенін айтты. Құзырлы органдар өзен жағалауындағы қоршауларды бұзып, ашып берсе, жастарды асарлатып сенбілікке шығарып Қошқарата жағалауын тазалап тастауды ұсынды.
Пікір қалдыру