«Amanat» партиясының қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевпен тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдадық.
Алдын-ала жазылу арқылы 10 тұрғынның мәселесін тыңдап, шешімін қарастырдық. Негізгі сұрақтар тұрғын үй, жұмысқа орналасу, қаланы көгалдандыру, коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және жер мәселелері төңірегінде болды.
Мәселен, бір ағамыз №2А қоғамдық көлігін Керейхан көшесіне жүргізуді және жол сапасы мен жанындағы көшенің атауын қоюды сұрайды. Бұл бойынша, биыл әкімдік тарапынан Бірлік тұрғын алқабына қарасты Шәміл Дүрия көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта, сарқынды су жүйесінің абоненттік қазба жұмыстары толығымен аяқталғаннан кейін, аталған аумақтағы көшелерге кезең-кезеңімен асфальт төсеу жұмыстары іске асырылады. Сондай-ақ, көше атаулары жазылған тақтайшалар келесі жылы, мердігері анықталған соң, жүргізілетін болады.
Барлық өтініштер уақыт күттірмей қаралып, зерделеуді қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынып, біршамасы шешімін тапты.
Әкімдіктің негізгі міндеті — халықпен сындарлы диалог орнатып, қолайлы жағдай жасау. Осылай тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдау арқылы өзекті мәселелерді анықтап, әлеуетін жақсартуға атсалысып, жұмысымызды жақсартудың жүйелі тәсілдерін әзірлейміз.
Айта кетейік, Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен дамуы – бүгінгі таңда айрықша назар аударуды талап ететін тақырыптардың бірі. Жуырда ғана қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжіліс барысында бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Жиналысқа қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Мәжіліс барысында Түркістанның экономикалық ахуалы, жоспарлы жобалар мен міндеттер, сондай-ақ, қаланың болашақ дамуы туралы тыңдалды.
Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлік белсенділікті көтеру – бұл мәселелердің барлығы да қала әкімдігі үшін басымдыққа ие. Түркістан – тарихи және мәдени мұрасы мол, туристік әлеуеті зор қала. Сондықтан, жергілікті билік пен қоғамның бірлесе отырып, қала дамуына үлес қосуы, тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруы маңызды.
Келешекте Түркістан қаласы – тек елдің мәдени-рухани орталығы ғана емес, сонымен қатар экономикалық, туристік, және кәсіпкерлік жағынан дамыған қалаға айналуы тиіс. Бұл жолда әрбір азаматтың үлесі, қоғамдық ұйымдардың белсенділігі және билік тарапынан көрсетілетін қолдау маңызды. Түркістанның болашағы жарқын, әрі тұрғындардың әл-ауқатының артқанына себеп болатын қала боларына сенім мол.
2024–2025 оқу жылы Түркістан қаласындағы мектеп түлектері үшін айрықша табысты әрі есте қаларлық жыл болды. Қалалық білім бөліміне қарасты 37 мемлекеттік және қала аумағындағы 8 жекеменшік мектепті 3063 оқушы аяқтап шықты. Олардың 2468-і Ұлттық бірыңғай […]
27 қазан күні «Turkistan Marathon» шарасының өтуіне байланысты, таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады. Түркістанның әдемі тарихи орындарында 3000 адам жүгіреді. Сөре мен мәре visit Center Turkistan маңында […]
Облыс орталығында «Бекзат» тұрғын алабының 1999 жылы туған азаматтары кіші футболдан құрдастарын еске алу турнирін ұйымдастырды. Жарыстың ашылу салтанатында ел ағасы Дәулеткерей Оспанов, «Бекзат» мешітінің бас имамы Ғалымжан Аташев, марқұм Абай Сәбитұлының ата-анасы сөз сөйлеп, […]
Пікір қалдыру