Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы аудандағы тазалық жұмыстары жөнінде кеңінен баяндады. Абай ауданының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ауқымды жобалар қолға алынды. Бұл шаралар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
«Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ ең алдымен Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек»,-деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда.
Мемлекет басшысының аталмыш жолдауында тазалыққа ерекше ден қойылғаны мәлім. Тазалық болған жерде, қарыштап дамудың болатынын қаперде ұстаған Президенттің бастамасын қолдайтын елдің әр бір тұрғыны өскелең ұрпаққа үлгі. Айта кетейік, Абай ауданы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында Шымкент қаласы бойынша ең көп қоқыс қалдықтары шығарылатын ауданның бірі. Тазалық мекемесі қызметкерлерінің таң атысы мен кеш батысына дейінгі жұмыстарының арқасында тазалық жұмыстары жүйеленіп келеді.
«Таза Өлке», «Киелі Мекен», «Өнегелі Ұрпақ», «Жасыл Аймақ» және «Мөлдір Бұлақ» акциялары аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Тазаланған аймақтар: Асар, Шымсити, А.Асқаров атындағы Дендросаябақ, Қызылжар, Игілік, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Бәйдібек би даңғылы, А-2 тас жолы, Қошқар ата өзені және жалғызілікті қариялардың үй аулалары.
Жыл басынан бері жүйелі түрде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан сенбіліктердің мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, тұрғындарды тазалыққа, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыру.
Көше бойын, ирригациялық жүйелерді қоқыстардан арылтып, шөптерді ору жұмыстары атқарылды. Аудан әкімдігінің қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас инспекторы Ерғали Әбіловтің айтуынша, ауданда тазалық жұмыстарына белсенділік артып келеді.
Жергілікті тұрғындар, шағынауданның ардагерлер кеңесінің мүшелері де экологиялық акцияға белсенді қатысты. Тазалық жұмыстары одан әрі жалғасын табады.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына барша қазақстандықтар үлес қосып, туған жерімізді көркейтуге атсалысуда.
«Шын мәнінде елімізді көгалдандыру, абаттандыру үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл жалпыұлттық мәселе»,-деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тазалық жұмыстарының қатарында аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету де назардан тыс қалмады. Аз қамтылған отбасылар, мүгедек күтушілері, қолайсыз отбасылар, тыл ардагерлері және пробация есебінде тұрған азаматтарға демеушілер есебінен 659-дан астам отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.
Абай ауданында атқарылған осы шаралар тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Тазалық пен әлеуметтік көмектің осы ауқымды жобалары аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын көтеруге мүмкіндік беруде.
Шымкентте псориаз ауруына шалдыққан азаматтар бір құтысының құны 1 миллион теңгеден асатын дәрімен қамтылуда. Аталмыш дертпен ауыратындарға тағайындалатын «устекинумаб» препаратын аурудың көрсеткішіне қарай жылына кемінде 4 флаконға дейін қабылдау қажет. Қымбат бағалы дәрі науқастарға тіркелген […]
Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімі — тек жауынгерлік дайындыққа мән беретін бөлім ғана емес, сонымен қатар спорт арқылы рухты шыңдап, ел абыройын асқақтататын үздік сарбаздарды даярлайтын орда. Бұл бөлімде бүгінде республикалық […]
Көп балалы аналар Шымкент қаласы әкімдігінің алдына жиналды, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Көптеген жылдан бері Достық шағын ауданында тұратын Гүлзира Садықованың 5 баласы бар. Оның біреуі тума мүгедек екен. Айтуынша, […]
Пікір қалдыру