
Бұл жайлы Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбков, тұрғындармен кездесу барысында хабарлады.
Ғабит Әбдімажитұлының сөзіне сенсек, мұндай жәшіктер дамыған кәрі құрлықтағы елдер мен Елордамызда бар екен. Енді оны үшінші мегаполисте де салуды көздеп отыр.
«Қалада Еуропа елдері мен Астанадағыдай жер асты қоқыс жәшіктерін орн атқымыз келіп отыр. Жер асты қоқыс жәшігі үлкен көлемді болады. Біреуінің өзі аулалардағы үш жаәшікті алмастырады. Сондықтан сабыр сақтай тұрыңыздар. Шаһардағы қоқыс мәселесі де шешімін табады»,— дейді әкім.
Пікір қалдыру