Шардара ауданында 2025 жылғы 6 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінде өткен бұл маңызды жиынға мемлекеттік құрылымдардың басшылары, ауған соғысының ардагерлері, әскери қызметкерлер, бөлім басшылары және қала тұрғындары қатысты.
Мерекелік шара барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев сөз алып, жиналған қауымды қос бірдей айтулы күнмен құттықтады. Өзінің құттықтауында ол Отан қорғаушылардың қажырлы еңбегі мен ел алдындағы ерлігіне ерекше тоқталып, қазіргі жас буынның да батыр бабалар жолын лайықты жалғастырып келе жатқанын атап өтті.
«Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірін қорғауға әрқашан дайын тұрған азаматтарға, әскери борышын абыроймен өтеп жүрген жауынгерлерге, ардагерлерге арналған құрмет күні. Елін сүйген, туған жерін қорғауды қасиетті парыз санаған азаматтарымыздың ерлігі мен ерік-жігері – нағыз патриотизмнің үлгісі. Ауданымызда да ел қорғаны болуға әзір, Отан алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін азаматтар өсіп келеді. Бұл – үлкен мақтаныш. Батыр бабалардың жолын жалғап келе жатқан әрбір азаматқа бас иеміз. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасы амандығын, бейбіт өмір мен баянды болашақ тілеймін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!» – деді аудан басшысы.
Іс-шара аясында ауданның қорғаныс және қауіпсіздік саласында қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтар мен ардагерлерге Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойлық төсбелгілері табысталды. Сонымен қатар аудан прокуроры Алмас Әлі, аудандық полиция бөлімінің бастығы Шералы Әділханұлы және ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков мерекелік лебіздерін білдіріп, сала ардагерлері мен қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік шара соңы патриоттық рухтағы әндер мен қойылымдарға ұласқан концерттік бағдарламаға жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шардара қаласында аудан жастарына арналған маңызды іс-шара – «Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету» жобасы аясындағы ашық форматтағы семинар өткізілді. Жастардың қаржылық және құқықтық мәдениетін арттыруды көздеген бұл басқосуды «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық […]
Шардара ауданындағы Алатау батыр ауылы ең тұрғын саны көп елді мекен болып саналады. Ауылда ғұмыр кешетін он мыңға жуық халық негізінен ауылшаруашылығы жұмыстарымен шұғылданады. Өткен жылы осы елді мекенде «Шебер» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тігін […]
1-маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай, Шардара қаласынан шомылуға арналған аквасаябақ ашылды. Демалыс орнының салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, жиылған көпшілікті құттықтап, балақайларға мерекелік ыстық лебізін жеткізді. «Ауданымызға осындай демалыс орнын […]
Пікір қалдыру