Полиция қызметкерлеріне өздерінің кәсіби мерекесін отбасымен бірге тойлау мүмкіндігі бола бермейді. Десе де қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығы жолында осытәулікте кезекшілікке түскен қызметкерлерді полиция басшылығы назардан тыс қалдырмады.
Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев, мереке күні түнгі ауысымға түскен Жедел басқару орталығы мен кезекші бөлім тәртіпсақшыларын мерекелерімен құттықтады. Оларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Полиция полковнигі Б.Айтпаев өз сөзінде: «Құрметті киелі өңірдің тәртіп сақшылары!Сіздерді Қазақстан Полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халық алдында
берген анттарыңызға адал болып, мінсіз қызмет атқарып жатқандарыңызға үлкенрақмет! Әрқашан дендеріңіз сау болсын, тек биіктерден көрініңіздер. Барлығымыз
жұмыла елдің амандығы жолында аянбай, абыройлы қызмет ете берейік!»-деп атапөтті.
Бұл жылы жүздесу тәртіп сақшыларына зор моральдық қолдау болды. Қызмет барысында да, мереке күндері де ел үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген полицейлер өздерінің ұмыт қалмағанын сезінді. Мұндай құрмет пен ықылас – ішкі істер органдары қызметкерлерінің рухын көтеріп, әріптестік бірлікті нығайта түсетіні сөзсіз.
Кептірілген жемістер мен көкөністер тамақ өнеркәсібінде кең қолданысқа ие. Сондай-ақ олар жақсы сақталады және көп орынды қажет етпейді. Түркістан облысында кептірілнен жемістерді жаңа технологиямен шығаратын кәсіпорын ашылады. Жаңа жобаға ауғанстандық инвесторлар есебінен 1 миллион АҚШ […]
Ауылшауашылығы дамуы және жемістер мен көкөністерге сұраныстың артуы жағдайында зиянкестермен күресу үшін химиялық пестицидтерді интенсивті және бақылаусыз қолдану барған сайын артып келеді. Ол адм денсаулығына әсері болатын белгілі. Сонымен қатар жаһандық жылынумен бірге зиянды организмдердің […]
Түркістан облысының ауруханаларына германиялық өкпені жасанды желдету аппараты әкелінді. Германияда өндірілген «Jenny» маркалы өкпені жасанды желдету аппараттарымен Түркістан облысының барлық аудандық, қалалық ауруханалары қамтамасыз етіледі. Жаңа медициналық аппаратты облыс әкімдігінде арнайы мамандар […]
Пікір қалдыру