ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫ ДОМБЫРА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің сарбаздары Ұлттық домбыра күніне орай дәстүрлі челленджді жалғастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосты. Сарбаздар тек Отан қорғау жолында ғана емес, рухани мұраны сақтауда да белсенділік танытып келеді.

Челлендж аясында жас жауынгерлер ұлттық аспапта күй шертіп, халқымыздың мәдени байлығын насихаттап, өнер мен руханияттың әскери ортада да маңызды екенін көрсетті. Бұл шара қоғамда Ұлттық ұлан қызметкерлерінің тек қауіпсіздік пен тәртіп сақтауда ғана емес, ұлттық сана мен дәстүрді дәріптеуде де белсенді рөл атқаратынын айқындайды.

Домбыра үнімен өрілген бұл игі бастама – жауынгерлердің рухани байлығын арттырып қана қоймай, жас буынға патриоттық тәрбие берудің тиімді құралына айналып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*