Бәйдібек-баба есімін иеленген ауданға жолымыз түсіп, реті келіп тұрған соң аудандағы әлеуметтік-экономикалық дамуға өзіндік үлес қосып отырған бірқатар мекемелерге атбасын бұрдық.Алдымен Боралдай ауыл әкімдігіндегі «Абердин-Ангус» тұқымды ірі қара мал шаруашылығына барып, өз қаржысына іс бастаған жеке кәсіпкер М.Назарбаевтың жұмыс жүйесімен таныстық. «Абердин-Ангус» тұқымды ірі қара мал шарауашылығы 2015 жылы құрылып, ондағы 85 бас асыл тұқымды ірі қарадан қазіргі уақытта 68 бас төл алынып отыр.Шаруашылықтың жер көлемі – 2500 га (оның ішінде: 106 га – егістік, 2394 га – жайылым). Сонымен қатар, кәсіпорын басшысы 4 адамға жұмыс ұсынып, оларға орташа 80 мың теңгеден айлық жалақы беріп отыр. Жалпы ауданда асыл тұқымды 4 ірі қара мал шаруашылығында – 366 бас ірі қара, 3 қой шаруашылығында – 5999 бас қой (оның 3665-і аналық) өсірілуде. Алдағы уақытта тағы да 500 бас «Абердин-Ангус» бағытында ірі қара мал алу жоспарларында бар екен.авторы: Әсет Әссанди
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі «Шаян» индустриалды аймағында іске асқалы отырған жобалардың барысымен танысты
Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Бәйдібек ауданындағы «Шаян» индустриалды аймағына да атбасын бұрып, ондағы іске асқалы отырған жобалардың барысымен танысты. Жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын аймақ бүгінде барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтылған. Ендігі мәселе — инвесторлар тартып, […]
Арыстағы «Қазына LTD» ЖШС-і мыңға жуық ірі қара бағып отыр
Арыс қаласына баспасөз турымен барған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Ақдала ауыл округіндегі «Қазына LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысымен де танысты. Аталмыш шаруашылық 2012 жылы жұмысын бастаған. Бүгінгі күнге дейін кәсіпорынға «ҚазАгроҚаржы» арқылы 1,87 млрд. теңге […]
ОҚО әкімі Бәйдібек ауданындағы «Тау Алма Бақ» ЖШС-нің жұмысымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының потенциалы әлі де болса толық пайдаланылмай келеді. Бұл ретте жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын «Шаян» индустриалды аймағының тиімділігін арттырып, негізгі өндіріс ошақтарын осында шоғырландыру қажет. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің құлшынысын арттыратын […]
Пікір қалдыру