Бәйдібекте «Шатқал» бағдарламасы бойынша 60 гектар жерге бау егу көзделуде

Бәйдібек ауданындағы қасиетті Домалақ-ана кесенесі маңынан «Шатқал» бағдарламасы бойынша 60 гектар жерге бау, 4 гектар жерге жылыжай, жібек құртын өсіру цехы, қойма, көрме кешені және әкімшілік-тұрмыстық нысандарды орналастыру жоспарланған.Бауға егілген 159 120 дана көшеттің 2420- сы туя, шырша, қарағай және 14 мың тұт ағашы жайқалып тұр. Сонымен қатар, көріктендіру жұмыстары Шаян елді мекенінде де жалғасып жатыр. Өйткені, ауылға кіре беріс автожол бойына 28000 дана тұт, 170 дана қарағай, 170 дана арша ағаштары, 6000 дана раушан гүлдері егіліп, шарбақпен қоршалған.Бәйдібек ауданында тұт ағашын отырғызу арқылы қолөнер бұйымдарымен жұмысты дамыту көзделіп отыр. Сонымен бірге, бос жатқан далаларға тұт ағашын өсіру табиғат пен адамзатқа үлкен пайда келтіретінін айта кету керек. Негізі, тұт ағашының жібек құртынан жіп иіріп, мата шығаруға мүмкіндік бар. Жібек мата шығару ісін дамыту бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

авторы: Әсет Әссанди

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*