Бәйдібекте «Абердин-Ангус» атты асыл тұқымды ірі қара көбейіп келеді

Бәйдібек-баба есімін иеленген ауданға жолымыз түсіп, реті келіп тұрған соң аудандағы әлеуметтік-экономикалық дамуға өзіндік үлес қосып отырған бірқатар мекемелерге атбасын бұрдық.Алдымен Боралдай ауыл әкімдігіндегі «Абердин-Ангус» тұқымды ірі қара мал шаруашылығына барып, өз қаржысына іс бастаған жеке кәсіпкер М.Назарбаевтың жұмыс жүйесімен таныстық. «Абердин-Ангус» тұқымды ірі қара мал шарауашылығы 2015 жылы құрылып, ондағы 85 бас асыл тұқымды ірі қарадан қазіргі уақытта 68 бас төл алынып отыр.Шаруашылықтың жер көлемі – 2500 га (оның ішінде: 106 га – егістік, 2394 га – жайылым). Сонымен қатар, кәсіпорын басшысы 4 адамға жұмыс ұсынып, оларға орташа 80 мың теңгеден айлық жалақы беріп отыр. Жалпы ауданда асыл тұқымды 4 ірі қара мал шаруашылығында – 366 бас ірі қара, 3 қой шаруашылығында – 5999 бас қой (оның 3665-і аналық) өсірілуде. Алдағы уақытта тағы да 500 бас «Абердин-Ангус» бағытында ірі қара мал алу жоспарларында бар екен.авторы: Әсет Әссанди

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*