Оңтүсітк Қазақстан облысының халқы 100 пайыз электр қуатымен жалпы қамтылған. Дегенмен бұл барлығы керемет деген мағынаны білдірмейді. Себебі, 149 елдімекенде қуат сапасы сын көтермейді екен. Бұл жайлы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылуы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында журналистерге берген брифинг барысында айтты. Елдімкендердегі жеке тұрғын үйлерді салу барысында рұқсатсыз электр жүйелеріне қосып алған. Оның үстіне техникалық талаптарға да сай келмейді.Қазіргі таңда тұрғындарды сапалы қуат көзімен қамту мәселесі кеңінен қаралып, 2017-2020 жылдарға арналған электр энергиясымен қамту жоспары жасалды. Нақтырақ айтқанда, Шымкент қаласында «Бозарық», «Астана 1,2» қосалқы станцияларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Қуат бекеті болашақта 430 мың тұрғынды жарықпен қамтитын болады. Сондай-ақ, «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысын ағымдағы жылы басталмақ. Егер, құрылыс жұмыстары межелі уақытта бітер болса, Мақтарал, Сарыағаш және Шардара аудандарына қуат жеткізіліп 705 мың тұрғын сапалы энергияға қол жеткізеді. Биылдың өзінде 87 елді мекеннің халқы сапалы электр қуатымен қамту үшін бюджеттен 11,5 миллиардрд теңге қаралғанын айт кетейік.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 438 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды
Оңтүстік Қазақстан облысында 500-ге ұсақ шаруашылық мүшелерінен құралған 438 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев әкімдікте өткен мәжілісте мәлім етті. «Еліміздің Ауыл шаруашылығы, Әлеуметтік даму министрлігі және Оңтүстік Қазақстан облысы […]
ОҚО-да механикалық зауыттың модульдік сүт қабылдау бекеттерін жинау өндірісі басталды
Биыл Шымкент механикалық зауытының базасында модульдік сүт қабылдау бекеттерін жинау өндірісі басталды. Бұл модульдер кооперативтерге қосымша кепілсіз және алдын ала төлемсіз берілетін атап өту қажет. Бекеттің 50% құны субсидия ретінде мемлекет төлейді, яғни 2,5 млн. […]
ОҚО-да жасырын кәсіпкерлікке тосқауыл қойылады
Оңтүстік Қазақстан облысында көлеңкелі кәсіппен айналысып жүрген азаматтардың қатары артып барады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациалық даму және туризм басқармасының мамандары мәлімдеп отыр. Олардың айтуларынша, өзін жұмыспен қамтамасыз еткен 503 мың жерлесіміздің 250 мыңы өз […]
Пікір қалдыру