Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өткен кезекті отырыста өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы жастар мәселесін май шаммен қарады. Жиында облыс әкімі бір емес бірнеше мәселені көтерді. Атап айтқанда, өңірде жастардың құқықбұзушылығы мен өзі-өзіне қол жұмсау фактілері көбейіпті. Бұған қарсы арнайы құрылған дағдарыс орталықтарының тиімсіз жүмыс жүргізіп отырғанын да айтып өтті. Сонымен қатар, соңғы кездері өңірдегі жергілікті арналарда жастарға арналған тәрбиелік мәні бар қызықты бағдарламалардың жоқтығында тілге тиек етті. Осы орайда, аталған мекемелер құзырлы органдармен бірлесіп, облыс бойынша жастардың қатысуымен қылмыс көп орын алатын орындардың тізімін жасақтап, қылмыстың алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауы керек. Сонымен қатар, әкім облыстағы барлық телеарналарда аптасына бір рет жастар бағдарламасын ашуды және облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» жанынан жас көшбасшылар мектебі құрылуын жүктеді. Ал, «Серпін-2050» бағдарламасы аясында орта арнаулы оқу орындарына ауыл жастарын тартуды, облыс бойынша құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда тұрғылықты жұмыссыз жастарды тарту бойынша қала, аудан әкімдерімен бірлескен шаралар қабылдауды, барлық мәдениет үйлері мен клубтарда жастарға арналған үйірмелер ашуды міндеттеді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Шымкенттегі Төлеметов көшесін қайта құру жұмыстарымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінің қайта құру жұмыстарына куә болды. Құжаттағы атауы — «Кіші айналма жолды қайта құру» (Қалалық қоқыс орнынан Жібек жолы көшесіне дейін ПК 63 – ПК 107) деп […]
Шарадара ауданының прокуроры жастармен кездесті
Шардара ауданының прокуроры Өнер Әбдіхалықов Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінде оқушы жастармен кездесу өткізді. «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесуге аудан прокурорымен бірге аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов, аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердалиева, […]
Шымкентте 40 миллиардтан астам қаржыға құрылыс жүріп жатыр
Бүгінде Шымкент қаласында 110 нысанның құрылысы жүріп жатыр — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Шымкент қалалық Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, бұл жұмыстарға басқарма […]
Пікір қалдыру