ОҚО әкімі өңірдегі құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға жұмыссыз жастарды тартуды міндеттеді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өткен кезекті отырыста өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы жастар мәселесін май шаммен қарады. Жиында  облыс әкімі бір емес бірнеше мәселені көтерді. Атап айтқанда, өңірде жастардың құқықбұзушылығы мен өзі-өзіне қол жұмсау фактілері көбейіпті. Бұған қарсы арнайы құрылған дағдарыс орталықтарының тиімсіз жүмыс жүргізіп отырғанын да айтып өтті. Сонымен қатар, соңғы кездері өңірдегі жергілікті арналарда жастарға арналған тәрбиелік мәні бар қызықты бағдарламалардың жоқтығында тілге тиек етті.  Осы орайда, аталған мекемелер құзырлы органдармен бірлесіп, облыс бойынша жастардың қатысуымен қылмыс көп орын алатын орындардың тізімін жасақтап, қылмыстың алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауы керек. Сонымен қатар, әкім облыстағы барлық телеарналарда аптасына бір рет жастар бағдарламасын ашуды және облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» жанынан жас көшбасшылар мектебі құрылуын жүктеді. Ал, «Серпін-2050» бағдарламасы аясында орта арнаулы оқу орындарына ауыл жастарын тартуды, облыс бойынша құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда тұрғылықты жұмыссыз жастарды тарту бойынша қала, аудан әкімдерімен бірлескен шаралар қабылдауды, барлық мәдениет үйлері мен клубтарда жастарға арналған үйірмелер ашуды міндеттеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*