Оңтүстік Қазақстанда облысында соңғы жылдары жер асты суы төмендеп кеткен. Соның салдарынан 300-ден астам ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып келген болатын. Естеріңізде болса, тіпті кей ауылдарға «Ақ бұлақ» бағдарламасымен ауыз су құбырлары тартылған. Алайда, жер асты суы болмай миллиондар көкке ұшып, жаңа тартылған су құбырлары жарамыз халге түскен болатын. Осыдан соң, облыс басшылығы бірден ауылдарға су құбырларын тартпай, бірінші жер асты суларын зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет деп шешкен ді. Мәселен. биыл жыл соңына дейін 61 елді мекенде геологиялық іздеу-барлау жұмыстары басталып, 19 елді мекеннің жер асты су қоры бекітілмек. Қазіргі таңда өңірімізде жер асты су қорын бекітуді қажет ететін 383 ауылдың 244 елді мекенінде аталған жұмыстар атқарылған. Облыстың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға дейін жер асты су қоры бекітілген елді мекендер санын 383-ке жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ә.Әбдіқадыров хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл 32 нысанның құрылысы жүргізілуде
Оңтүстік Қазақстан облысына көптеп инвестиция тарту мақсатында жыл басынан бері шетел инвесторларымен 40-тан аса іскерлік кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде, БАӘ – медициналық бұйымдар және дәрілік заттар шығаратын зауыт салу, Ресей елімен – Евро-5 стандартына сай жанар-жағармай […]
ОҚО-ның жасы жетпіске таяған тұрғыны Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне велосипедпен аттанды
Шымкенттік қария Кеңесбек Сейдімбеков Астанаға велосипедпен аттанбақ. Жасы 70-ке таяған ақсақалдың мақсаты «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайту. Себебі, бұл шараны Елбасы бастамасымен еліміз тұңғыш рет өткізгелі тұр. Сондықтан, осылай көрмеге қолдау көрсетуді өзіне міндет санайды.«Астанада […]
ОҚО-да жыл басынан бері 14 мыңға жуық іс медияция тәртібімен шешілген
Айта кетерлігі, Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында медиация желісін дамытуды ассамблеяға жүктеген болатын. Бұл бағытта Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанында Медиация кеңесі құрылып, өңірлердегі Достық үйлерінде 17 медиация кабинеттері ашылды. Елімізде қызмет ететін 640 кәсіби, […]
Пікір қалдыру