ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл 32 нысанның құрылысы жүргізілуде

Оңтүстік Қазақстан облысына көптеп инвестиция тарту мақсатында жыл басынан бері шетел инвесторларымен 40-тан аса іскерлік кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде, БАӘ – медициналық бұйымдар және дәрілік заттар шығаратын зауыт салу, Ресей елімен – Евро-5 стандартына сай жанар-жағармай өндіретін мұнай өңдеу зауыты мен Қытай елімен бірлесе биоэталон, фосфор тыңайтқышын  шығаратын және 200 МВт күн электр станциясын салу үшін келісімге келді.

 «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл  облыста 32 нысанның құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының нәтижесінде уақытша 4 460 жұмыс орны құрылды. 7 айда 2 мектептің құрылысы аяқталса, жыл соңына дейін 16 (6 апатты, 10 үш аусымды) және облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен 3 мектептің (2 апатты,   1 үш аусымды), 3 инфрақұрылымды пайдалануға беру жоспарлануда. «Нұрлы жер» бағдарламасының 5 бағыты бойынша 226 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде (10 879 пәтер,  737,6 мың шаршы метр). Биыл 115 үйдің (6 375 пәтер, 388,7 мың шаршы метр) құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңға жоспарланған  6 375  отбасының   3 123-і баспанамен қамтылды. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*