Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылында «Тұт бауын өсіру және жібек шаруашылығын дамыту» тақырыбында мамандандырылған көшпелі семинар-кеңес өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары А.Қаныбековтың жетекшілігімен өткен іс-шараға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, қаржы ұйымдарының өкілдері мен аудандардан жиналған шаруалар қатысты. Семинар кеңестің тәжірибелік бөлімі Ақбастау ауылындағы Домалақ ана кесенесі маңындағы тұт бауында жалғасты. Аталған бау облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асқан «Шатқал» бағдарламасы аясында егілген. Баудың жалпы аумағы 55 гектарды құрайды. Оның 30 гектарына тұт ағашы, ал 25 гектарына шырша ағашы отырғызылған. Дәл осы бауда жеке шаруа Сұлтан Бакиров жиналғандарға жібек шаруашылығының көпшілік білмейтін құпияларын айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті. 6 жылдан бері жібек өндірісін зерттеп жүрген Сұлтан Бакиров биылдан бастап жібек құртын өсіруге кіріскен. Оның айтуынша, жібек құртынан жылына 4 мәртеге дейін жібек талғашығын алуға болады. Кәсіпкер алғашқы айналымның өзінен 110 келі жібек алуды жоспарлап отыр. Жобасы толықтай жүзеге асса, ол жылына шамамен 40-50 тоннаға дейін жібек талшығын өндіріп, 1000- нан астам жаңа жұмыс орындарын ашпақ.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Шейх Халифаның Бәйдібекте ауданындағы құс өсіру орталығына барды
Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Бәйдібек ауданында Араб инвесторы Шейх Халифаның құс өсіру орталығына барды. Айта кету керек құс шаруашылығы күн санап дамып келеді. Қазіргі таңда, 895 гектар жерді алып отырған кәсіпорын 3,5 млрд […]
ОҚО-да «AGRITek Shymkent-2017» көрмесі аясында семинар-кеңес өтті
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 59 гектар жаңғақ пен 7 гектар бадамша егілді. Сондай-ақ, тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға жетіп отыр. Бұдан бөлек, жылыжайлар көлемі 1294 гектарға артып, республикадағы […]
ОҚО әкімі Бәйдібек ауданындағы «Тау Алма Бақ» ЖШС-нің жұмысымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының потенциалы әлі де болса толық пайдаланылмай келеді. Бұл ретте жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын «Шаян» индустриалды аймағының тиімділігін арттырып, негізгі өндіріс ошақтарын осында шоғырландыру қажет. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің құлшынысын арттыратын […]
Пікір қалдыру