Қадір түні қарсаңында Мақтарал ауданында «Нұр-Мед» ЖШС-нің басшылары Медет Тайманов пен Нұржан Абдубайтов қайырымдылық жасап, әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға 1 айға жететін азық-түлік таратты.Мақтарал аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары А.Байдуллаев «Әлеуметтік қолдау – әлеуетті қолдау» атты акцияның аясында өтіп жатқан қайырымдылық іс-шарасында кәсіпкерлер М.Тайманов пен Н.Абдубайтовқа өз ризашылығын білдіріп, партияның атынан алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, жиында Мақтарал ауданының бас имамы Бекзат Сыздықов «Бай адамдардың жомарт болғаны жақсы, кедей адамдардың жомарт болғаны одан да жақсы» деп, егер әр адам осылай қайырымды болғанда әлемде ешбір адамның көз жасы төгілмейтіні туралы әңгімеледі. «Мақтаарал» газетінің жауапты хатшысы Сәбит Қалдыбаев 22 мыңнан аса кәсіпкері бар Мақтарал ауданында қайырымдылық жасап жүрген мырзалардың баршылық екенін айтты.Қайырымдылық іс-шарасында 100 отбасыға талон беріліп, көмекке мұқтаж жандар бір айлық азық-түлікпен қамтылды. Мақтарал ауданындағы 1 қала, 3 кент, 20 ауылдық округтерден келген мұқтаж жандарға тегін такси қызметі көрсетіліп, алған азық-түліктерін үйлеріне дейін жеткізіп беру қарастырылған. Тегін талон алушылардың бірі Айжан Арыстанованың былтыр ғана үйі өртеніп, жолдасы ІІ топтағы мүгедекке айналған. Дегенмен, аудандағы қайырымды кәсіпкерлердің арқасында баспаналы болып, осылай ай сайын азық-түлікпен қамтылып отыр екен.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдық диқандар жиналған қауынның 70 пайызын экспорттаған
Оңтүістік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтарал ауданында болып, бірқатар шаруа қожалықтар мен өндіріс ошақтарының жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, жылына үш рет егін егіп, еліміздің солтүстік аймақтарын бау-бақша өнімдерімен қамтып отырған еңбекқор шаруалармен кездесті.Мырзашөл […]
ОҚО әкімі 60 мың тонна мақта шикізатын дайындайтын зауыттың жұмысымен танысты
Бүгін Оңтүістік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болып, Елбасы міндеттеген тапсырмалардың ауданда жүзеге асырылуын бақылады. Сонымен бірге мемлекеттік бағдарламалар аясында ісін өрге дөңгелеткен бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті.Сапары барысында аймақ […]
Мақтаарал ауданының тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді
Мақтаарал ауданының тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан Республикасының электр желілері пайдаланыла бастады. Нақтырақ айтсақ, Мақтаарал ауданы Қазақстанның солтүстігінен тасымалданатын электр жарығын Өзбекстан электр желілерін пайдалану арқылы қабылдауға мүмкіндік алып отыр. Бұл келісімге […]
Пікір қалдыру