Шымкенттегі сауда кешеніне 3 миллион доллар инвестиция тартылды

Шымкент қаласындағы ірі сауда орталығының бірі – «Бекжан» базарының атауы енді «Шымкент-Дордой» болып өзегертін болды. Бішкектегі әлемнің ең ірі базарларының бірінен аталатын «Дордой» сауда орталығының басшылығы өзара меморандумға қол қойған. Нақтырақ айтқанда, қырғыз кәсіпкерлері «Бекжан» базарын 10 жылға жалға алған. Ол үшін қырғыз-қазақ бірлескен серіктестігі 3 миллион АҚШ доллар көлемінде инвестиция құймақ ниетте.      Келісім-шарт аясында «Бекжан» базарының ғимараты әзірге серіктестікке 10 жылға жалға берілетін болды. Бұл ақпарды Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әсет Әбдіраханов та растап отыр. Қажетті уақыт өткеннен соң базар аталмыш серіктестіктің толыққанды иелігінде қалады.

Қазіргі таңда, «Бекжан» базары қаладағы заманауи үлгіде жабдықталған жабық кешендердің бірі. Болашақта бұл сауда ғимаратында аттракциондар, ойын-сауық кешендері де ашылады деп күтілуде. Базардың жаңа иелері жергілікті кәсіпкерлер үшін тиімді шарт та ұсынуға әзір екен.  Базар дүңгіршектерін жалға алушылар үшін алдағы бір жыл бойы салық салынбайды және дүңгіршектерді жалға алу құны да біршама төмендетіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*