Оңтүстік Қазақстанда «23 — маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған салтанатты шара өтті. «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен кеште облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстар тіледі. «Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқару жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі, алға жылжып дамуы мүмкін емес. Қазіргі қоғамның талаптарына сай билікке деген сенім де мемлекеттік қызметшіге қарап қалыптасады. Облысмыздың қарқынды дамуы Сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен ерік-жiгерлеріңізге тікелей байланысты. Сіздерді тағы да кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!», — деді Жансейіт Түймебаев. Салтанатты жиында мемлекеттік қызмет саласында көп жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, өз лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз орындаған, жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен жоғарғы көрсеткіштері үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер әкімнің қолынан «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі мен Оңтүстік Қазақстан облысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасы және Алғыс хатын алса, көптеген азаматтар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласқа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Грамотасымен, жалпы саны 30 азамат марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар үздік мемлекеттік қызметшілерге Түркияда іс-тәжірибе алмасу үшін арнайы сертификаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен оңтүстікте болды
Онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының, сондай-ақ АӨК дамыту және «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламаларының, «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысады деп жазады […]
ОҚО-да «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр
Бүгін Шымкенттегі «Көрме» орталығында «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі басталды. Оңтүстік Қазақстанның тауар өндірушілерін қолдау және оларды халыққа кеңінен таныстыруды мақсат тұтқан шарада күнгейде өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, құрылыс саласына қатысты […]
ОҚО-да бірқатар басқармалардың басшылары ауыстырылды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына сәйкес бірқатар басқармаларда ротациялау тәртібімен ауыс-түйіс орын алды.Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы – Оңтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы […]
Пікір қалдыру