Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен оңтүстікте болды

Онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының, сондай-ақ АӨК дамыту және «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламаларының, «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысады деп жазады primeminister.kz сайты.

Бақытжан Сағынтаевтың Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары Түркістан қаласынан бастау алды, онда Премьер-Министр өнімдері облыстың барлық аудандарына жеткізілетін «Яссы нан» нан зауытында болып қайтты.

Сонымен қатар, кәсіпорынды аралау барысында «Ақ жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқарушы компаниясының басшысы Сабыр Атаев Премьер-Министрге өндірістік цехтарды көрсетіп, зауыттың қазіргі қызметі мен оны жаңғырту келешегі туралы айтып берді.

«Ақ Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорны нан-тоқаш және шұжық өнімдерін шығарумен айналысады. Мұнда 2016 жылы 288 млн теңгеге өнім өндірілді, 2017 жылдың 8 айында — 839 млн тг. Компания ШОБ пен жаппай кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімді әсеріне мысал бола алады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*