Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық режимде кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде 2017 жылдың 1 маусымына аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен бюджеттің атқарылуы және «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы қаралды.Жиындағы алғашқы тақырып – 2017 жылдың 1 маусымына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов баяндама жасап, саладағы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Айтуынша, жыл басынан бері 5 айда біздегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 307,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға төмендеген. Өнеркәсіп өнімі облыстағы кен өндіру өнеркәсібіндегі уран өндірісінің 4,4 пайызға азаюынан орын алып отыр. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 112,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артыпты. Сонымен қатар, тиісті мерзім ішінде облысқа 137,5 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың тиісті кезеңінен 46,4 пайызға көбейген.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да ЖОО-да тегін білім алатын тағы 8 түлекті өз жолдамалары күтуде
Оңтүстік Қазақстан облысында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 95 балаға жоғарғы оқу орына тегін білім алу үшін жолдаманы Ұлттық бірыңғай тесттілеуде шектік балды жинап, емтиханнан өткен түлектерге берілді. Бұдан бөлек 8 жолдама Ұлттық бірығай тесттілеудің […]
ОҚО: Сайрамда 700 тоннадан астам сүт өнімдері өндірілді
Тамақ өнеркәсібі ауданның тұрақты экономикалық дамуында аса маңызды орын алады. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі өңдеу өнеркәсібінің ең қарқынды дамып отырған секторы болып табылады.Осыны ескерген Сайрам ауданының әкімдігі тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарды. Нәтижесінде 2017 […]
ОҚО-да өткен тазалық айындағы жұмыстарға 150 мыңнан астам адам қатысты
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іспен қолдаған оңтүстікқазақстандықтар туған жерге деген сүйіспеншіліктерін елді мекендерінде ағаш отырғызып, қоқыстан тазарту және абаттандыру жұмыстарын қолға алу арқылы көрсетті. Рухани жаңғыруды өзіңнен бастауды негізге ала отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының […]
Пікір қалдыру