Оңтүстік Қазақстан облысының 2017 жылға арналған бюджет көлемі жалпы 507,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 23 млрд. теңгеге өсті. Негізінен мұнда облыстың әлеуметтік, экономикалық маңызды салаларына қажетті қаржы бөлінді. Атап айтсақ, облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын жүргізу үшін 389,4 млн. теңге , аймақтағы 128 мектепті робототехника кабинетімен жарақтандыруға 748,2 млн. теңге қарастырылып отыр. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Қайта нақтыланған бюджеттің ең көп соммасы яғни-1,5 млрд теңгесі «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау мақсатына бөлінді.Бұл қаржы банктегі несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау үшін қосымша қаралып отыр. Биылғы жылы аталған мақсатқа 3 млрд бөлінген болатын, енді оған 1,5 млрд.тенге қосылып жалпы 4,5 млрд. тенгені құрады. Бұл дегеніміз банктерден шамамен 37 млрд. тенгеге жуық инвестиция тартуға жол ашады, яғни кәсіпкерлерге осы соммаға несие алуға мүмкіндік бар.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жүзеге асатын «Нан қасиеті»,»Ажарлы үй ырысты» жобалары жайлы не білесіз?
Оңтүстік Қазақстан облысында «Ақпарат толқыны» бағдарламасы шеңберінде, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ысырапшылдық пен астамшылдыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мақсатында, «Нан қасиеті» жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба шеңберінде айына 2-реттен жыл бойы 24 бағдарлама түсіру […]
Елбасы Жарлығы – уақтылы қабылданған тарихи шешім
ОҚО білім басқармасына қарасты №5 колледж ұжымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазанда №569 қаулысымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне қатысты кездесу өтті. Басқосу барысында сөз алған колледж директоры Гүлмира Тағаева латын графикасы жайында […]
ОҚО-да «Индустриялық-инновациялық» даму бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары 135 жоба жүзеге аспақ
Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында жылдың соңына дейін 34,7 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда іске қосылған жобалардың 94%-ы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 71 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 пайызға жеткен. Бұдан […]
Пікір қалдыру