ОҚО-да «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдауға 1,5 миллиард теңге бөлінді

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясында қайта нақтыланған бюджеттің ең көп соммасы яғни-1,5 млрд теңгесі  «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау мақсатына бөлінді.Бұл қаржы банктегі несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау үшін қосымша қаралып отыр. Биылғы жылы аталған мақсатқа  3 млрд бөлінген болатын, енді оған 1,5 млрд.тенге қосылып жалпы 4,5 млрд. тенгені құрады. Бұл дегеніміз банктерден шамамен 37 млрд. тенгеге жуық инвестиция тартуға жол ашады, яғни кәсіпкерлерге осы соммаға несие алуға мүмкіндік бар.«Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізге өңірді дамыту  бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Біз барлығымыз сол тапсырмаларды орындауға міндеттіміз. Сондықтан да кәсіпкерлікті және әлеуметтік салаларды дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалынып отыр. Ал, Шымкенттегі 4 үйдің құрылысын жалғастыруға 554,3 млн. теңге қарастырдық. 4 ауыз су және 2 кәріз нысандарының құрылысына  495 млн. теңге бөлініп отыр. Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы Бозарық 1,2,3 тұрғын үй алабын электрмен қамтамасыз ету құрылысын жалғастыруға 200 млн. теңге жұмсайтын боламыз», — деді Ж. Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*