Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда Қазығұрт ауданындағы «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің шынайылығына жүргізілген тексерулердің қорытындысы талқыланды.Алқа мәжілісіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік кірістер органдары мен басқа да уәкілетті және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Алқа мәжілісінде баяндама жасаған облыстық прокуратурасының бірінші басқарма басшысы Рүстем Дүйсенбаев отырғандардың назарын ауыл шаруашылық кешенін дамыту бағдарламасының тиімділігіне кері әсер еткен субсидия бөлу процедураларының бұзушылықтарына аударды. Сондай-ақ ол шаруаларға жасалған әкімшілік кедергілер мен әуре-сарсаңдыққа, қажеттілікті дұрыс қалыптастырмау және бюджет қаржысын тиімсіз жарату мәселелеріне тоқталды.«Ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселесі бойынша прокурорлармен соммасы 1,7 млрд теңгені құрайтын мыңнан астам заңбұзушылықтар анықталып, 26 дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан бөлек, мемлекеттен көрсетіліп жатқан үлкен жәрдемге қарамастан жұмыссыздықпен күрес тәсілдері ретінде агроөнеркәсіпті қолдаудың құралдары тиісті дәрежеде пайдаланбауда. Қазығұрт ауданында қылмыс санының 7 пайызға өскендігі және қылмыс жасаған тұлғалардың 63 пайызы жұмыссыз екені анықталып отыр», — деді Рүстем Тілешұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Жасыл ел» бағдарламасымен 1275 жас жұмыспен қамтылады
Оңтүстік Қазақстан облысында 2004 жылдан бастау алған «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1000-нан аса жас жазғы еңбек лагерлеріне тартылса, осы жылдар ішінде 15 мыңға жуық жас маусымдық жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде […]
Оңтүстікқазақстандық 20 дәрігер Оңтүстік Кореяда тәжірибе алмасып қайтты
ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Кореяның үздік клиникаларында тәжірибе алмасып қайтқан бірқатар аудандық ауруханалардың бас дәрілерлері брифинг берді.Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық орталық ауруханаларының бас дәрігерлерінен құралған 20 маман облыс әкімінің қолдауымен,денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен Оңтүстік Корея республикасына барып, тәжірибе алмасып қайтты.Спикерлердің айтуынша, жұмыс сапардың басты мақсаты дүниедегі алдыңғы қатарлы медицинасы дамыған елдердің бірі саналатын Оңтүстік Корея мемлекетінің медициналық көмек көрсету жүйесінің жұмысымен танысу. Брифингте өз ойымен бөліскен Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дəрігері, топ жетекшісі Ибрагим […]
ОҚО-дан «Серпін-2050» бағдарламасы арқылы солтүстікке 5 мыңанан астам түлек оқуға кеткен
Елімізде «Серпін-2050» бағдарламасы басталғалы бері Оңтүстік Қазақстанда 5,5 мыңнан астам жас түлек бағдарлама аясында қалаған мамандығына түсіп, жоғары білім алып жүр. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың мамандары хабарлайды.Тарқатып айтсақ, соңғы үш жылда […]
Пікір қалдыру