ОҚО-дан «Серпін-2050» бағдарламасы арқылы солтүстікке 5 мыңанан астам түлек оқуға кеткен

Елімізде «Серпін-2050» бағдарламасы басталғалы бері Оңтүстік Қазақстанда 5,5 мыңнан астам жас түлек бағдарлама аясында қалаған мамандығына түсіп, жоғары білім алып жүр. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың мамандары хабарлайды.Тарқатып айтсақ, соңғы үш жылда 9 облысқа – Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары мен Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына асқан 5627 түлектің 4698-і жоғары оқу орнына түссе, 929 талапкер колледждерде білімін жалғастырыпты. Яғни, 2014 жылы «Серпін-2050» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарына 1050 грант бөлініп, 540 талапкер оқуға түссе, 2015 жылы 5000 грант бөлініп, оның  2580-ін оңтүстікқазақстандық түлектер жеңіп алды. Ал 2016 жылы 3162 грант бөлініп, оның 1578 талапкері күнгейлік грант иегерлері болды. 

Орта арнаулы оқу орындарды айтар болсақ 2014 жылы 1000 грант бөлініп, күнгейлік 326 жас оқуға түссе, 2015 жылы 34 колледжге 1200 грант бөлініп 359 талапкер білімін жалғастырды. Былтыр 31 колледжге 1000 грант бөлініп, өңірімізден 244 жас оқуға түсті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*