28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, үздік жарияланым номинациясы бойынша «Үздік телеарна» аталымын «Отырар» телеарнасы алса, «Ең үздік аймақ тілшісі» номинациясын «Заң», «Қазақстан заман» газеттерінің меншікті тілшісі Шадияр Молдабек пен «24 kz» телеарнасының меншікті тілшісі Катерина Попкова, «Үздік басылым» номинациясын «Шымкент келбеті» мен «Уақыт» газеттері, «Алтын қауырсын» номинациясын «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Ғабит Сапарбеков, «Алтын микрофон» номинациясын «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының тілшісі Төребек Байтасов, «Үздік ақпараттық агенттік» номинациясын «Rgmedia.kz» ақпараттық порталы, «Үздік аудандық, қалалық басылым» аталымын «Ордабасы оттары» газеті еншіледі. Мұнан бөлек, 9 тілшіге облыс әкімінің Грамотасы, 11 журналистке облыс әкімінің Алғыс хаты берілді.Сонымен бірге, 18 адамға Түркия Республикасына жолдама берілсе, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасына белсене қатысқаны үшін 10 азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. БАҚ өкілдері құрметтелген шарада бірқатар қалам ұстаған өкілдер облыс мәслихатының Грамотасымен, Алғыс хатымен, ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің Алғыс хатымен, ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалы тарапының арнайы номинацияларымен, облыстық ішкі саясат басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, салтанатты отырыста облыстық БАҚ өкілдері арасында өткен «Кәсіпкерден 10 кеңес» байқауы мен «Отансүйгіштік – Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады» байқауының жеңімпаздары құттықтап, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген бірқатар блогерлер облыстық ішкі саясат басқармасының сыйлығымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстіктің полиглот жастары «ЭКСПО»-дан оралды
Таяуда ғана Оңтүстік Қазкақстан облысынан елордасы – Астанаға 100-ден астам ерікті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аттанған болатын. Олар көрмеге келуші қонақтарға бір айдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп, Оңтүстікке қайта оралды.Айта кету керек, жас полиглоттар […]
Оңтүстіктегі ауылдық жердегі халықтың 73 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілген
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 836 ауылдық елді мекен халқының 73 пайызы ауыз сумен толық қамтылған. Сондай-ақ, қалалық елді мекеннің 93,1 пайыз жұрты орталықтандырылған су жүйелеріне қол жеткізген. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінде өткен селекторлық отырыста облыстық […]
Оңтүстікте ауыз су жүйесін салуға республикалық бюджеттен 5 миллиардқа жуық қаржы бөлінген
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ауыз су жүйесін салуға республикалық және облыстық бюджет есебінен 4,7 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 25 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 5 елді мекен халқы жаңа ауыз су […]
Пікір қалдыру