Оңтүстік Қазақстан облысының жастарынан құралған еріктілер «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аттанды. Жастар көрме қонақтары мен шараға келушілерге 1 ай бойы қызмет көрсететін болады. «ЭКСПО-2017» көрмесіне аттанған ерікті топтың Астанаға барып, келу шығынын жергілікті билік толық өз мойнына алып отыр. Осы мақсатта бюджеттен 6 млн теңге бөлініпті. «ЭКСПО-2017» көрмесінің еріктілері жолға шықпас бұрын, олар облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековпен кездесті. Өңір басшылығы Астанаға аттанғалы жатқан жастарға сәттілік тілегенін де айта кеткен жөн. «Басында еріктілердің саны 100 болған еді. Қажеттілікке орай тағы 50 жас қосылды бұл санатқа. Сіздерге облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың атынан сәтті сапар тілеймін. Қазірдің өзінде оңтүстіктен халықаралық көрмеге сатылған билеттің саны 150 мыңға жуық болып отыр. Ал, көрмеге еліміз бойынша 3 мыңнан астам ерікті жұмылдырылмақ. Соның 150-і — оңтүстіктен»,- деді облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы.Елордасы Астанаға аттанып бара жатқан еріктілер талай електен өтіп, іріктелген жастар. Олар бұған дейін түрлі семинар-кеңестерге қатысып, ой-танымын арттырып, білімдерін шыңдаған. Сонымен қатар, шетел тілдерін жетік меңгерген екен.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» гала-концерті өтті
Елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында жалпы жұртшылыққа арналған «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» атты облыстың өнер шеберлерінің гала-концерті өтті. Гала-концерттің ашылу салтанатында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев […]
Оңтүстік өнерпаздары Түркияда өнер көрсетуде
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында Түркия мемлекетіне Оңтүстік Қазақстан облысының өнер майталмандары аттанды.Қос ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ортақ мәдениетті қалыптастыра отырып, әдеби, рухани құндылықтарды дәріптеу […]
ОҚО әкімі балалар үйінің жеткіншектерін өз есебінен «ЭКСПО-2017» көрмесіне апармақ
Рамазан айының алғашқы күнінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінің тыныс тіршілігімен танысты. Министр балалар үйіне соңғы үлгідегі медициналық физиокабинетке […]
Пікір қалдыру