Оңтүістік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтарал ауданында болып, бірқатар шаруа қожалықтар мен өндіріс ошақтарының жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, жылына үш рет егін егіп, еліміздің солтүстік аймақтарын бау-бақша өнімдерімен қамтып отырған еңбекқор шаруалармен кездесті.Мырзашөл өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндаған аудан әкімі Ғалым Исмаилов биылғы жылы 131,4 мың гектарға егін егілгенін атап өтті. Оның ішінде 94 мың гектарға мақта егілген болатын. Сонымен қатар, 368,4 гектарына күнбағыс, 85 гектарға картоп, 24 мың гектардан астам жерге бақша өнімдері отырғызылған. Мұнан бөлек, 2417,3 гектар жерге көкөніс, 56 гектарға жүзім мен тағы басқа да өнімдер егілген. Мақтаралдық диқандар егілген 18,4 мың гектар қауыннан бүгінде 19 мың тоннадан астам бақша дақылын жинап үлгергенін айта кеткен жөн. Нақтырақ айтақанда, оның ішінде 70 пайызын шетелге экспорттаса, қалған 30 пайызын Қазақстан нарығына саудалаған. Бүгінде еліміздің солтүстік, батыс, шығыс өңірлері мен Алматы, Астана қалалары оңтүстік диқандарының бақша өнімдерін жеп отырғаны әмбеге аян.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтарал ауданында жыл басынан бері 134 жоба іске асқан
Мақтарал ауданында «К.Бахытжан» кооперативі «Оңтүтік» АИО арқылы 26 миллион теңге несие алып 5 дана «Беларусь» маркалы трактор сатып алған. Жаңа техникалардың арқасында кооператив ауыл шаруашылығы өнімдерін еселеп арттырған. Бүгінде кооперативтің 460 гектар жері бар. Кооперативтің іс […]
Жетісайлықтар мақтадан 25 центнерден өнім алды
Түркістан облысы Жетісай ауданында 120 мың тонна мақта жиналды. Өнімділік гектарынан 25 центнерден түсті. Десек те, ауданда мақта теру науқаны әлі де жалғасуда. Жетісайлық шаруалар енді бірер күнде бірінші терім жұмыстарын толығымен аяқтайды. Бүгін бұл туралы […]
Мақтааралда «Ұлт аралық татулық — тұрақтылық кепілі» тақырыбында жиын өтті
Бүгін, Мақтаарал ауданындағы Ералиев ауылдық округіне қарасты «Дәуір» және «Қастеев» жалпы орта мектептерінде жоғарғы сынып оқушылары және ауыл тұрғындары арасында «Ұлт аралық татулық — тұрақтылық кепілі» тақырыбында және жастар арасында тәртіп пен тәрбиені насихаттау мақсатында […]
Пікір қалдыру