Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жоспар бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс 19 білім ошағының 3-уі – Қазығұрт ауданында 2 мектеп, Сайрам ауданында 1 мектеп пайдалануға берілсе, қалған 16 білім ордасы жаңа жылға дейін жұмысын бастайды деп күтілуде. Аталған нысандар толық аяқталып, халық игілігіне берілгенде, Оңтүстіктегі 12 мың оқушы 8 апатты, 11 үш ауысымды мектептердің орнына сужаңа білім ошақтарында тәлім алатын болады.Өткен жылы «Нұрлы жол» аясында 10 білім беру нысаны халық игілігіне берілді. Мәселен, былтыр 9 мектеп (оның 2-уі апатты жағдайда, 7-үш ауысымды) пен 1 балабақшаның (тапшылық орын) жаңа құрылысы жүріп, балалар 1 қыркүйектен бастап жаңа нысандарда білім ала бастады. Сондай-ақ, тұрғын үйлерді инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша Шымкент қаласы мен Түлкібас ауданындағы 2 нысанға тиісті жұмыстар жүргізіліп, мерзімінде тапсырылды. Осылайша, 2016 жылы аталған бағдарлама аясында жүргізілген құрылыс нысандары арқылы 3655 адамға жұмыс орындары ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да Қазақстан мен Ресей дәрігерлері бірігіп ота жасады
Қазақстан мен Ресей дәрігерлері Шымкентте облыстық онкологиялық диспансерінде қуық асты безінің қатерлі ісігіне ота жасады. Денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының үйлестіруімен өткен «Несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісігінің мультитәртіптік тәсілмен емдеу» […]
ОҚО-да алғаш рет «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты форумы өтпек
Халқының саны миллионға жуықтап еліміздегі үшінші қалаға айналып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 14-16 қарашасы аралығында «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты халықаралық туристік, инвестициялық форум өтеді. Басқосу «Қазақстан аумағындағы Ұлы […]
ОҚО-да тасқын суға қарсы 70 нысанда инженерлік жұмыстар іске арылымақ
Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет 16 су қоймасы салынады. Сонымен қатар, тасқын суға қарсы 70 нысанда инженерлік жұмыс іске асырылатынын да айта кету керек. Осының арқасында 320 млн текше метр топан су қабылдап, 17 мың […]
Пікір қалдыру