6-шілде — ел аумағында айрықша мереке! Елордамыз Астананың туған күні! Айтулы датаны шымкенттік шәкірттер ерекше көңіл-күйде атап өтті десек болады. Алдымен қала тұрғындарына мерекелік құттықтау тілектерін жолдады. Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңына орналасқан «Шымкент Плаза» сауда үйінің алдында белсенді топ флэшмоб биін билегенін де айта кеткен абзал.Аталмыш мәдени шараға бір емес, 200-ге жуық оқушы жұмылдырылды. Мерекелік шараға келгендер арнайы дайындалған би-қойылымды тапжылмай тамашалап, жерлестеріміз таңданыстарын жасырған жоқ. Сонымен қатар, орталық саябаққа жиналған шәкірттер Астанаға деген рухани сый-тартуын дайындағанын да айта кету керек.Нақтырақ айтқанда, жас қылқалам шеберлері Бас қаладағы сәулеті мен сәні келіскен ғимараттардың бедер-бейнесін және қазіргі «Ехро-2017» халықаралық көрмесіндегі ұсынылған тың туындыларды көптің алдында тосылмай, 40 мольбертте салып шықты. Мұнан соң, осынау мерекелік іс- шараның соңы оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласып, жастар бар өнерін ортаға салды!
Ұқсас жаңалықтар
ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІ ЗАМАНАУИ ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданында құс фабрикасының ашылуына қатысты. «Аймар Құс» ЖШС бірінші кезеңде жылына 72 млн.дана жұмыртқа өндіреді. Бұл қала халқының жұмыртқа өніміне сұранысының 42%-ын қамтиды. 4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба […]
Шымкенттегі Сәуле шағын ауданында жаңа мектеп қолданысқа берілді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы «Сәуле» шағын ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген №129 жалпы орта мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына қатысып, Білім күнімен барша ұстаздар мен шәкірттерді құттықтады.«Бұл күн – жаңа оқу жылына, […]
Мақтааралдық оқушылардың Астанаға тартуы
6-шілде — Астана күні мерекесіне орай Жетісай қаласының «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы оқушыларының қатысуымен сурет салудан байқау болып өтті. Аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға 20 мектептен 30-ға жуық оқушылар қатысты.1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті […]
Пікір қалдыру