Мақтааралдық оқушылардың Астанаға тартуы

6-шілде — Астана күні мерекесіне орай Жетісай қаласының «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы оқушыларының қатысуымен сурет салудан байқау болып өтті. Аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға 20 мектептен 30-ға жуық оқушылар қатысты.1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы «Астана» болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа Елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы «Астана күні» ретінде атап өтіліп келе жатыр.Астана күні – жалпы ұлттық сипатқа ие мереке, халықтың асыға күтетін зор қуанышына айналып үлгерді. Жастығына қарамастан Астананың бүгінгі бағындырған биіктері мен жеткен жетістіктері жетерлік.

Айта кетейік, бүгін кешкі 20:00-де дәл осы Жетісай қаласының «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен гала-концерт өтеді. Ауданға танымал өнерпаздар өнер көрсетіп, әншілер ән шашып, Республикаға танымал жайдарманшылар ойын көрсетеді. Қапы қалмаңыздар!

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*