Астана күні мерекесіне орай Мақтааралда үздіктер марапатталды

Осы жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Мақтаарал ауданында «Үздік ауылдық округ» атты абаттандыру тақырыбында байқау жарияланды. Халықты өмір сүруге қолайлы жағдай туғызуға тарта отырып, аудан тұрғындарының арасында туған жерге деген мақтаныш сезімін ояту – байқаудың негізгі мақсаты болатын. Байқау комиссиясының төрағасы Т.Жүнісовтың айтуынша, аудан 3 өңірге бөлініп, байқау нәтижесі әр өңірге бөлек белгіленіп, үздіктер жеке-жеке марапатталды. «Асықата» өңірі бойынша І орынды Ш.Ділдәбеков ауылдық округі иемденсе, ІІ орынды «Ж.Ералиев», ІІІ орынды «Атамекен» ауылдық округтері алды. Ал, «Мырзакент» өңірінен І орынды «Ж.Нұрлыбаев», ІІ орынды «Мақтарал», ІІІ орынды «Бірлік» ауылдық округтері еншіледі. Сондай-ақ, «Жетісай» өңірі бойынша «А.Қалыбеков» ауылдық округі І орын, «Жаңа ауыл» ауылдық округі ІІ орын, «Қарақай» ауылдық округі ІІІ орынды алды. Жүлде қоры: І орындарға – қызметтік жеңіл автокөлік, ІІ орындарға – 300 000 теңге, ІІІ орындарға – 100 000 теңге.

«Ең алдымен, ауылды көркейтуге бағытталған осындай байқауды ұйымдастыруға мұрындық болған аудан әкіміне өз алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, жұмысымызды әділ бағалаған комисся құрамына және ауылдық округімізді көркейтуге ат салысқан халқыма ризамын. «Астана күні» мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!» — дейді Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің әкімі Н.Әбдірайым.Жалпы, байқаудың жеңімпаздары марапатталған гала-концертте Жайдарманның Республикалық премьер-лига ойындарында ерекше өнер көрсетіп жүрген «Жетісай құрамасы» жайдарман тобы, «Әулие ата» аймақтық ашық лигасында топ жарып жүрген «Алақай-балақай» жайдарман тобы көрермендерге күлкі сыйлады. Мерекелік кеште ауданға белгілі әншілер «Астана» туралы әндерді шырқап, концерттің соңы от шашуға ұласты.

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*