Бүгін Оңтүстік Қазақстанда халықаралық маңызы бар М-39 «Ташкент — Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен «Сырдарья» өткізу бекеті ашылды. Қатынас жолы мен арнайы бекеттің салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сырдария облысының әкімі Гофуржон Мирзаев пен ҚР Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев қатысты.Өңір басшысы қос мемлекет жұртшылығын жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтап, Өзбекстан мен Қазақстан Республикалары арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи қатынастарды жандандырып, туысқан екі ел арасында мәңгілік алтын көпір болатынына сенім білдірді.«2006 жылы жабылған осы жолдың қайта ашылуына екі ел Президенттерінің келісімі нәтижесінде қол жеткізілді. Жыл басынан бері екі ел арасындағы экономикалық ахуал жандана түсті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шафкат Мирзеевтің жаңа бастамалармен тығыз байланысты күшейтуі аймақтардың дамуына зор серпіліс әкелді. Екі ел жетекшілерінің Астана қаласы мен Сарыағаштағы кездесулері, елордадағы Өзбекстан бизнес-форумы, мамыр айында Шымкент қаласында өткен Ташкент қаласы тауар өндірушілерінін жәрмеңкесі соның нақты айғағы»,- деді Ж. Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да еліміздегі 1774 Аналар кеңесі бас қосты
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 1774 Аналар кеңесі рухани жаңғыру аясында Оңтүстік Қазақстан облысында бас қосты. Шымкент қаласындағы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы универ¬ситетінде жиналған аналар «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудағы Аналар кеңесінің рөлін талқылады. Жиынға […]
ОҚО-да Астана күні қарсаңында саябақ ашылды
Астана күні қарсаңында Шымкентте қайта құру жұмыстарынан өткен «Наурыз» саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сайрам тұрғын алабында орналасқан демалыс орнының ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жиналғандарды алда келе жатқан Астана күні мерекесімен құттықтады.«Сіздерді шын […]
ОҚО-да кеденді төлемдер мен салықтардан 51 миллиард теңге түскен
Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 216 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс атқарып келеді. Осы субъектілерден ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік бюджетке 104,6 млрд. теңге көлемінде салық түскен. Елбасы тапсырмасына орай, облыстық Мемлекеттік […]
Пікір қалдыру